- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДСӘДМ жиі пайдаланатын дәрілердің бағасына мониторинг жүргізуді жалғастыруда – сарапшы
ҚР ДСӘДМ жиі пайдаланатын дәрілердің бағасына мониторинг жүргізуді жалғастыруда – сарапшы
«Әлемдік экономикадағы дағдарыс көріністерінің көрінуіне байланысты импорттық және отандық дәрі-дәрмектердің өзіндік өндіріс құны артты. Ағымдағы жылы ДСӘДМ Қазақстанның фармацевтикалық қауымдастығымен медициналық мақсаттағы өнімдердің бағасын ұстап тұру туралы меморандумға отырды. Оның аясында шекті баға бекітілді», - деді Л.Макалкина.
Сонымен, отандық және халықаралық өндірушілер 2015 жылдың 1 наурызындағы деңгеймен баға бекітті, осылайша олар жиі пайдаланатын 200 өнімнің бағасын ұстап тұру туралы әлеуметтік жауапкершілікті өз мойнына алды.
«Жасыратыны жоқ, ҚР ДСӘДМ және оның ведомсвтолық ұйымдары жиі пайдаланатын дәрілердің бағасына мониторинг жүргізуді жалғастыруда. Жиі пайдаланатын медициналық мақсаттағы өнімдер тізіміне енген дәрілердің бағасының қымбаттауын болдырмау мақсатында кәсіпкерлермен алдын алу шаралары жүргізілуде», - деп атап өтті Л.Макалкина.
Оның айтуынша, тексерістер барысында дәріханалардың әлеуметтік маңызды дәрілердің бағасын ұстап отырғаны анықталған. Жалпы, жиі пайдаланатын медициналық мақсаттағы өнімдер тізіміне 200 өнім жатады, олар: суықты алатын, ыстықты түсіретін дәрілер, антибиотиктердің кейбір түрлері, шприцтер мен дәкелер және т.б.
Ботагөз Айтжанова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Карантин шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтардың жұмысы цифрландырылды -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу