- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қытайдың әскери қызметшілері бірлескен арнайы операцияны орындады (ФОТО)
Қазақстан мен Қытайдың әскери қызметшілері бірлескен арнайы операцияны орындады (ФОТО)
Оқу-жаттығу ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің басшылық етуімен өтті. Ниетке сәйкес Алматы облысының шығыс аудандарына заңсыз бандқұралым енді.
Осыған байланысты, шартты түрде төтенше жағдай енгізілді, мемлекеттік шекараны күшейту, заңсыз құралымның іс-қимыл аудандарын оқшаулау және оны бейтараптандыру мақсатында бірлескен лаңкестікке қарсы операцияны өткізу жөнінде «Оңтүстік-Шығыс» жедел қолбасшылығы құрылды.
ҚР Аэроұтқыр әскерлері мен Қытайдың Ұлт-азаттық армиясының бөлімшелері дабыл бойынша көтерілді, жауынгерлік әзірлікке келтірілді және оңтүстік-шығыс бағытқа қайта топтастырылды. Барлық оқу-жаттығу алты тактикалық эпизод шеңберінде өрістетілді. Алдымен парашюттік және қондыру тәсілдерімен десанттау.
Содан кейін арнайы мақсаттағы рота бөлімшелері топтары (антитеррор) мен Қытайдың Ұлт-азаттық армиясы бөлімшелерінің белгіленген аудандарда орналасуы, іздестіру іс-қимылдарын жүргізу, тікелей жауынгерлік іс-қимылдар және жауынгерлік іс-қимылдар ауданынан антитеррор бөлімшелерін көшіру.
Аталған бірлескен оқу-жаттығудың мақсаты өзара түсінушілік пен сенімділікті нығайту, тәжірибе алмасу және армиялар арасында ынтымақтастық жасау, лаңкестікпен күресуде екі елдің Қарулы Күштерінің жедел үйлесімділігін арттыру болып табылатынын айта кеткен жөн. «Антитеррор-2015» бірінші бөлігі ағымдағы жылғы қазанның соңында ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданында «Қорла» оқу-жаттығу орталығының базасында өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды