• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Мөлдір бұлақ» салалық бағдарламасы негізінде ҚТЖ-да сумен жабдықтау жүйесінің тозуын үш есеге қысқартты

«Мөлдір бұлақ» салалық бағдарламасы негізінде ҚТЖ-да сумен жабдықтау жүйесінің тозуын үш есеге қысқартты

9 Қараша, 2015 19:41
«Мөлдір бұлақ» бағдарламасы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-да 2012 жылдан бері іске асырылуда. Сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, теміржол магистральді желілерінде сумен жабдықтау нысандарында техникалық қызметті жақсарту 2016-2017 жылдары толық аяқталады деп жоспарлануда, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарындағы темір жол бекеттерінде аталған бағдарлама аясында барлық жұмыстар аяқталған.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Теміржолсу» еншілес кәсіпорны үш жыл ішінде 309 темір жол бекеттерінде 577 сумен жабдықтау нысандары мен кәріздерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп, қайта жаңартқан. 450 шақырым су құбыры желісін, 19 шақырым кәріз желісін жаңартып, ауыз су сапасын жақсарта түскен «Тазасу» қондырғыларының 53 бірлігін орнатты.

Биылғы жылдың соңына дейін сумен жабдықталған 37 нысанға жөндеу жұмыстары мен қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу жоспарда бар. Алдағы уақытта 68 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары мен қайта жаңарту жұмыстары жүргізілмек.

«Мөлдір бұлақ» салалық бағдарламасы өз жұмысын бастаған жылдардан бері негізінен «Теміржолсу» АҚ өндірістік активтерінің тозуы деңгейі 80%-дан 26%-ға дейін төмендеген. Қалыпты су шығындарының деңгейі орташа есеппен 10 пайызға төмендеп, қалыптан тыс шығындар жойылған.

16 темір жол станцияларындағы 260-тан астам үй орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосылған. Қандыағаш, Қызылорда станциялары, Маңғыстау жол бөлімшесі айрықтарының тұрғындары ыстық суды пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

 

Барлық жаңалықтар