Көкшетауда 50-ден астам бала «Асық» ойнады (ФОТО)

9 Қараша, 2015 20:26
Көкшетауда «Алтын сақа» жобасы негізінде өткізілетін ұлттық асық ойынының «Асық ату», «Үш табан», «Ханталапай», «Бес асық» ойыны түрлерінен, мектеп оқушылар арасында 2-ші облыстық жарысы өтті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола медиа орталығы».

Жарыстың негізгі мақсаты - асық ойынын ұлттық спорт ойындарына енгізу, насихаттау арқылы қазақ халқының дәстүрлі ойыны Асық арқылы - оқушыларға  патриоттық тәрбие беріп, мергендікке, ептілікке,  шапшаңдыққа салауатты өмір салтына баулу.

Жарыс 4 ойыны түрлерінен тұрды Асық ату, Үш табан, Ханталапай, Бес асық.

Байқауға Зеренді, Бурабай аудандарынан және Көкшетау, Степногорск қалаларынан, жалпы саны 7 команда қатысып бағын сынады. 

Байқаудың жеңімпаздары жалпы командалық және 4 ойыны түрлерінен  үш орын бойынша анықталды: Ақмола облыстық II Ұлттық асық ойындары жарысында жалпы командалық I орынға Көкшетау қаласы, II орын Көкшетау қаласы (қазақ тілінде) дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернаты, III орынды Зеренді ауданы иеленді.

Жеңімпаздар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Байқаудын құрметті қонақтары Ақмола облыстық «Қазақ тілі және мәдениет» қоғам бірлестігінің төрағасы  Мейрамбек  Қиықұлы. «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай  балалар  мен  жасөспірімдер ұйымы»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Серікұлы. Көкшетау қаласы (қазақ тілінде) дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернатының  директоры Кенжебай Айдосұлы. Ақын, жазушы, тарихшы Айдос Абулталипов. Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ринат Галлямов.  Облыстық білім басқармасының тәрбие бөлімінің басшысы Айнаш Галимова.Қатысушылар Мәлік Ғабдуллин мұражайына саяхат жасады.

 

 

Барлық жаңалықтар