• Басты
  • Жаңалықтар
  • К. Мәсімов пен Ц.Цачева Қазақстан-Болгария ынтымақтастығын дамытуды талқылады

К. Мәсімов пен Ц.Цачева Қазақстан-Болгария ынтымақтастығын дамытуды талқылады

9 Қараша, 2015 17:46
Бүгін Үкімет Үйінде Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Болгария Халықтық Жиналысының Төрайымы Цецка Цачевамен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара тиімді екі жақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндігін талқылады.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы ДСҰ-на, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға мүшелігі және Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу сияқты қазақстандық негізгі бастамаларға қолдау көрсеткені үшін болгар тарапына ризашылығын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша К.Мәсімов пен Ц.Цачева барлық салаларда Қазақстан-Болгария байланысын одан әрі дамытуға келісті.

 

Барлық жаңалықтар