• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да салалық бағдарламалар қатарынан қайталанған бағыттар алынып тасталады – Е. Досаев

ҚР-да салалық бағдарламалар қатарынан қайталанған бағыттар алынып тасталады – Е. Досаев

4 Қараша, 2013 16:05
ҚР-да мемлекеттік салалық бағдарламалар қатарынан қайталанған бағыттар алынып тасталады. Бұл жайлы ОКҚ апта сайынғы дәстүрлі баспасөз отырысында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

«Мемлекеттік салалық бағдарламаларды қаржыландыруды оңтайландыруға басымдылық беру бойынша ұсыныстар енгізіледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында министрлік биылғы жылдың қараша айында аяқталатын мемлекеттік салалық бағдарлама тексерісін өткізуде. Қазіргі таңда тексеріс 46 бағдарламаны қамтыды, соның ішінде 41 салалық, 5 мемлекеттік бағдарлама бар. Тексеріс барысында бағдарламаның орындалуының сапасы, бюджеттік қаражатты жұмсау тиімділігі мен нәтижелілігі, бағдарламалардың қайталануы мен қаржыландыруды бағалау қарастырылады», - деді министр.

Оның айтуынша, тексеріс қорытындысы бойынша аталмыш бағдарламалардың тиімділігін арттыру мен оңтайландыру жайлы нақты ұсыныстар беріледі.

«Бірқатар бағдарламалар жаңадан дайындалып жатқан бағдарламалардың ішіне енгізіледі, ал бір бағыттағы бағдарламалар өзара біріктіріледі. Сонымен қатар бағдарламалардың қайталанылмалы бағдарламалар салалаық бағдарламалар қатарынан шығарылады. Тиімсіз бағдарламалар жойылуға қойылып, ал тиімділігі төмен бағдарламалар көлем мен қаржыландыруға қарай қайта қаралады», - деді Е.Досаев.

Естеріңізге сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы салалық бағдарламалардың орындалуындағы келеңсіздіктерге тоқталған болатын.

«Біз қабылданған барлық бағдарламамен жұмыс істеуіміз керек. Және қаржыландырылатындарымен ғана жұмыс істеуіміз керек. Қалғандарын ысырған жөн», - деген Мемлекет басшысы.

 

 

 

Барлық жаңалықтар