ҚР ҰЭМ жерді жеке меншікке сату арқылы 1 трлн табыс түсіруді жоспарлауда

9 Қараша, 2015 16:28
ҚР ҰЭМ жерді жеке меншікке сату арқылы 1 трлн табыс түсіруді жоспарлауда, деді ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар орталығындағы брифингінде.

«Біз жоспарлы бағасын бердік, кадастрлық құн бойынша ол 1 трлн 200 млрд теңгені құрады, егер 50 пайызын алатын болсақ, ол 500-600 млрд теңгеге 10 жылдық бөліп төлеуге тең болмақ», - деді Қ.Өскенбаев.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады. Заң жобасының негізгі мақсаты ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалануды, оларды жеке меншікке табыстаудың жаңа тетіктерін енгізу жолымен қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Жерді сатып алу бойынша ынталандыру шарасы ретінде кадастрлық (бағалау) құнының 50 % мөлшеріне қарай айқындалатын жеңiлдiк бағамен және төлеу мерзiмiн 10 жылға дейін ұзартып сатып алу механизмі сақталады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар