- Басты
- Жаңалықтар
- А.Айымбетов: Байқоңыр адамзат үшін ғарыштың қақпасы болып есептеледі (ФОТО)
А.Айымбетов: Байқоңыр адамзат үшін ғарыштың қақпасы болып есептеледі (ФОТО)
«Ғарышкер болу менің бала күнгі арманым еді. Оған жету үшін жастайымнан спортпен шұғылдандым, көп оқуға тырыстым. Ғарышқа барып келуім менің ғана емес, ең әуелі Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлының, «Қазғарыштың», бүкіл қазақ елінің еңбегі дер едім. Космоста адам баласы үшін әлі тылсым дүниелер көп. Оны игеру жастардың еншісінде. Сондықтан жақсы білім алыңыздар», - деді Айдын Айымбетов оқушылармен кездесуде.
Мұнан соң Халық қаһарманы Ана мен бала орталығында болды. 200 орындық перинаталды орталықта күніне 35 нәресте дүние есігін ашады. Жаңа туған бүлдіршіндердің біріне ғарышкердің есімі қойылды. Кішкентай Айдын ата-анасының бесінші перзенті екен.
«Дәл осы күні өңірге ғарышкер, Халық қаһарманы келіп жатқаны біз үшін үлкен қуаныш. Ұлым ғарышкер болсын деген ниетпен Айдын Айымбетовке баламыздың есімін қойдырдық. Бұл біздің отбасымыз үшін тарихи сәт дер едім. Кішкентай Айдынның биікке қарыштап, қазақтың атына сай ұл болуын тілеймін», - дейді Гүлістан Тастыбаева.
Айдын Айымбетов «Атамекен» балалар ауылына да ат басын бұрып, балалармен бірге ағаш отырғызды. Мұнан соң Айдын Айымбетов Сыр өңіріне келгендегі мақсатын айтып, журналистерге сұхбат берді.
«Сыр елі мен үшін өте ыстық. Өйткені мен космосқа аттанған «Байқоңыр» ғарыш айлағы осы аймақта орналасқан. Сондай-ақ, менің өмірлік жарым да Қызылорда облысының тумасы. Көкке көтерілгенде отбасымның, халықтың қолдауын сезіндім. Ғарыштан жерді көргенде, Қазақстанды көргендегі сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес. Мен енді «Қазғарыш» агенттігінде жұмысымды жалғастыратын боламын. Мұнда келгендегі негізгі мақсатым – жастармен кездесу. Елдің болашағы солардың қолында. Сондықтан біз жас ұрпақтың білімді, патриот болып өсуіне көп көңіл бөлуіміз керек», - дейді Халық қаһарманы А.Айымбетов.
Екі күндік сапары аясында ғарышкер Айдын Айымбетов Қызылорда қаласында өтетін дәстүрлі Жастар форумына қатысады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Жалған вакцина паспорты мен ПТР анықтамасы үшін қандай жаза тағайындалады -
Шетелдегі қазақстандықтар үшін eGov.kz-те 5 жаңа қызмет қолжетімді