Қазақстанда Еңбек күніне арналған 160 мерекелік іс-шара өтті

9 Қараша, 2015 14:36
Қазақстанда Еңбек күніне арналған 160 мерекелік іс-шаралар өтті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру және жұмыспен қамту бойынша ҚР ДСӘДМ-де атқарылып жатқан жұмыстар» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының аясында (88 қадам) ақпараттық, тәжірибелік-ұйымдастырушылық шаралар кешенінен тұратын «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы» идеясын алға жылжытудың кешенді жоспары бекітілгенін атап өтті.Сонымен қатар, ол Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын халық санасына сіңірудің басты шараларыныңы бірі – 2014 жылдан бері Еңбек күнін атап өту болып табылатынын хабарлады.

«Сонымен, ағымдағы жылы республика бойынша Еңбек күніне арналған 160-тан астам мерекелік іс-шаралар өткізілді. Аймақтарда Қазақстан экономикасын дамыту мен нығайтуға жеке үлес қосқан еңбек ардагерлерін, еңбек әулеттерінің өкілдері мен кәсіби мамандарды марапаттаған форумдар өтті (7 облыстық, 73 аудандық)», - деді Б.Нұрымбетов.

Жастар өкілдерінің арасында кәсіби-техникалық және жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және оларды насихаттау мақсатында семинарлар, дөңгелек столдар, әртүрлі акциялар мен байқаулар өткізілді.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар