- Басты
- Жаңалықтар
- «Атамекен» ҰКП жұмыссыздық мәселесін шешуге арналған бағдарламаны жасақтады
«Атамекен» ҰКП жұмыссыздық мәселесін шешуге арналған бағдарламаны жасақтады
«Қазіргі таңда бұл тек жоба ғана, әзірге дайын механизм деп айта алмаймын. Осы тұрғысында жұмыс істеп жатырмыз. Біз мемлекеттік органдарға біздің Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталықтарымыз кәсіпорындар тапсырысын ұстау керек деген қызметті ұсындық. Яғни олар қайда қандай мамандар жетіспейтінін білуі керек. Мысалы бір фермерлі шаруашылықта 5 комбайншы жетіспей жатыр, оны КҚКО білуі керек, біз әрқашан Жұмыспен қамту орталықтарымен ақпарат алмасып отыруымыз керек. Мәселен, шахта жабылып қалды делік, біз оған жұмысшысы 6-8 айда қайта оқып, комбайншы жұмсысына орналасуды ұсынатын боламыз», - деді Н.Алтаев.
Осылайша, ұлттық палата жұмыссыздарды қайта оқытуды және оларды бар жұмысқа жіберуді ұсынып отыр.
«Жұмыспен қамту бағдарламалары арқылы бізде қыруар қаржы бөлініп отыр. Біз орталықтарымызды бір терезе іспетті пайдалануды ұсынып отырмыз. Жұмыспен қамту орталықтарының байланысы өте жақсы емес және олар толығымен қамтымайды. Олар қай кәсіпорынға қандай мамандар керек екенін біле бермейді. Ал, біз болсақ жұмыссыз жандарды нақты бір кәсіпорын үшін қайта оқытып, сол жаққа жұмысқа жіберетін боламыз», - деп түсіндірді ол.
Ол атап өткендей, бүгінде аталмыш жоба ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде талқылау барысында.
Анар Тәңірқұлова
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Азаматтарға арналған үкімет: ЭЦҚ алуды жеңілдету, автокөлікті қайта тіркеу және цифрландыру -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес: Ұстаз мәселесін шешудегі рөлі қандай -
Ахмет Жұбановтың 115 жылдығына арналған концерт онлайн өтті -
Елордада Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған кездесу өтті -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы -
Тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттар тек электронды түрде болады -
Елордада журналистерге арналған ағылшын тілінде сөйлеу клубы ашылды -
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады