- Басты
- Жаңалықтар
- АШМ: Субсидиялау механизмін өзгерту бірқатар шаралар кешенімен қоса жүреді
АШМ: Субсидиялау механизмін өзгерту бірқатар шаралар кешенімен қоса жүреді
«Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігін шешу мақсатында біз Кернс тобының (Кернс тобы - ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаушылар қауымдастығы) тәжірибесін зерделедік. 1986 жылы Австралияның Кернс қаласында осындай келісім жасалған, оған кіретін топтың басты мақсаты - ауыл шаруашылығы өнімдерінің еркін саудасын дамыту», - деді А. Мамытбеков.
Министрдің сөзіне қарағанда, Кернс тобы тауардың өзіндік құнына әсер ететін субсидиядан толығымен бас тартқан, бұл да Қазақстанның жағдайына ұқсас болып табылады. ДСҰ-дағы «жасыл себет» субсидиялары да Кернс тобы елдерінде қолданылмайды.
«Яғни, олар қолданатын субсидиялар негізінен: пайыздық лизингтік кредиттердің ставкаларын субсидиялау, инвестициялық субсидиялау, білімді субсидиялау және ғылымды қаржыландыру, фитосанитарлық, ветеринарлық қауіпсіздік, инфрақұрылымды дамыту секілді бірқатар шаралар. Бұлардың барлығы ауыл шаруашылығы саласының тиімділігіне жанама түрде өте тиімді әсер етеді деп ойлаймыз. Сонымен қатар, біз Жаңа Зеландия, Австралия елдерінің тәжірибесін қарасақ та, «жасыл себет» саясаты бойынша қолдау көрмей отырған шаруалар тиімді нәтижелерге қол жеткізетінін көрсеткен», - деді министр.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, Субсидиялау механизмін өзгерту бірқатар шаралар кешенімен қоса жүреді
«Өкінішке қарай, бүгінде біз ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін бағаны бір деңгейде ұстауға мәжбүрлейміз. Бірақ бұл нарықта бәсеке бар деп айта аламыз. Бұл ретте, біз импортты, сауданы мүлдем реттемейміз. Нәтижесінде фабрикадан 10-12 теңгеден шыққан жұмыртқа дүкенде 20-25 теңгеге сатылады. Яғни, саудадағы маржа 100 пайызға жетеді, ал қаншама еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші бір жұмыртқадан 1 теңге ғана пайда табады», - деді А.Мамытбеков.
Сондықтан, министрдің айтуынша, ішкі нарықты қорғау бойынша іс-шараларды күшейту керек.
«Сауда бәсекеге қабілетті болу керек және мұнда шектеу болмау керек. Бірақ біз өндіруші мен тұтынушы арасында делдалдарды қысқартуымыз қажет. Өнімнің қаншама қолдан өтетінін ескерсек, кімнің 100 пайыз пайда табатыны белгісіз, олардың салықты төлегенін не төлемегенін де білмейміз. Яғни, біз салықтық міндеттемелер және логистикалық инфрақұрылымды дамыту арқылы бақылауды күшейткеніміз жөн», - деп толықтырды А.Мамытбеков.
Индира Қауметова
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар