- Басты
- Жаңалықтар
- Алматыда керлингтен Тынықмұхиттық-Азия чемпионаты басталды
Алматыда керлингтен Тынықмұхиттық-Азия чемпионаты басталды
Қазақстан Республикасының спорт тарихында керлингтен бұрын-соңды ірі көлемде мұндай сайыс өтпеген. Тынықмұхиттық – Азия чемпионаты 2016 жылы Швейцария (ерлер) және Канада (әйелдер) арасындағы әлем чемпионатына іріктеу сыны болып табылады.
Алматыдағы біріншілікте әлемнің 8 елінен келген 13 команда бақ сынауда. Олар: Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Қытай Тайпэйі, Гонконг, Жаңа Зеландия және Австралия құрамалары. Олардың арасында 8 ерлер және 5 әйелдер командасы бар. Жарыс Бүкіләлемдік керлинг федерацисының бекіткен ережелерімен өткізіледі.
«Біз жарысқа қатысушыларға және келген қонақтарға барлық қолайлы жағдайды, оларға еліміздің мәдениеті мен тарихын жақынырақ таныстырамыз деп үміттенеміз», - деді жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген ҚР керлинг қауымдастығының Президенті Амантай Күренбеков.
Ал Алматы қаласы әкімінің орынбасары Румиль Тауфиков аталған жарыстың арқасында керлинг спорты Қазақстанда одан әрі дами түсетініне сенім білдірді. «Тынықмұхиттық-Азия чемпионаты біздің спортшылар үшін мол тәжірибе болмақ. Осында жинаған шеберліктерін 2017 жылғы Универсиада ойындарында көрсетеді деп ойлаймын»,- деді ол.
Бүкіләлемдік керлинг қауымдастығының вице-президенті Хью Милликин жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. « Қазақстан бұл жарысқа бей-жай қарамай барлығын жоғары деңгейде ұйымдастырыпты. Біз сіздерге ризашылығымды білдіреміз»,- деді Хью Милликин.
Тынықмұхиттық-Азия біріншілігі 2017 жылы Алматыда өтетін қысқы Универсиада алдындағы тестілік сынақ жарысы болып есептеледі
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды