- Басты
- Жаңалықтар
- А.Мамытбеков нан бағасының не себепті реттелмеу керек екенін түсіндірді
А.Мамытбеков нан бағасының не себепті реттелмеу керек екенін түсіндірді
«Жыл сайын соңғы 5-6 жыл бойы Үкімет бірінші сұрып ұннан пісірілген салмағы 600 грам бөлке нанның бағасын түсіру үшін 7-8 млрд теңге шамасында қаржы бөліп келді. Кейбір жылдары бұл сан 12-15 млрд теңгеге жететін. Бір жарым жыл бұрын субсидия нормативін қысқарту шешімі қабылданды. Нан бағасы нарықтық бағаға жақындауы керек, яғни, ол реттелмейтін болуы тиіс», - деп мәлімдеді министр.
А. Мамытбеков мұндай шешім не себепті қабылданғанын түсіндірді.
«Субсидия мақсатты тұрғыда жұмсалмайды. Яғни біз нанды жағдайы төмен және байларға да бірдей арзандатамыз. Ендігі уақытта нан бағасы халықтың белгілі бір санаттары үшін ғана арзандатылады. Ал, мемлекет шығыны бар болғаны 1,5 млрд теңгені құрайды. Нан бағасын халықтың барлық санаты үшін субсидиялау мемлекетке тым қымбатқа түсіп жатыр. Неліктен бай адамдар нанды арзан бағамен сатып алуы керек? Бұл әлеуметтік тұрғыда әділетсіз. Егер біреуге көмектесу керек болса оны мақсатты тұрғыда жасаған жөн», - деп түсіндірді АШМ басшысы.
Министр атап өткендей, нан бағасын ұдайы реттеу және төмендету еліміздің барлық өңірлеріндегі нанкомбинаттарының құрал жабдықтарының ескіруіне алып келді, олар инвестициясыз қалып қоюда.
«Осы ретте біздің әлем бойынша үздік бидайымыз тәтті емес нанға айналып отыр. Бұл салаға жаңа техналогиялар енгізілмей отыр, инвестициялар да тартылмауда, бәсекелестік жоқ. Инвестор кез-келген уақытта мемлекет оның қолын байлап тастайтындықтан бұл салаға қызығушылық танытып отырған жоқ. Нан саласында бұл бидайға ғана шығындалу емес, сонымен қатар электр энергия, көлік шығындары және т.б. бар. Не себепті нанның бағасы лайықты болмауы керек? 2010-2012 жылдары қуаншылық болған жылдары біздің еліміз 1 млн тонна жеді, ал норма 2,4 болатын. Рас, кеңестік заманда нанның ролі ерекше болды, қазіргі таңда дәл ондай сұраныс жоқ. Егер көлік шығынымен салыстыратын болсақ, олар нан шығынынан да көп. Біз бұл мәселені саясатқа айналдырмауымыз керек. Бұл таза экономикалық сипаттағы мәселе. Ал көмек ол мақсатты тұрғыда көрсетілетін болады», - деп түсіндірді А. Мамытбеков.
Сонымен қатар, министр баса айтқандай, Қазақстандағы сауда бәсекеге қабілетті болуы тиіс, тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы сансыз делдалдар санын қысқарту керек.
«Біз салықтық міндеттемелер, логистикалық инфрақұрылымды дамыту арқылы бақылауды күшейтуіміз керек», - деп түйді ол.
Индира Кауметова
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер