Қазақстанда 2013 жылы өрттің саны 17%-ға азайды

4 Қараша, 2013 15:27
Қазақстан Республикасы ТЖМ жүргізген кешенді жұмыстың арқасында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттің саны 17%-ға азайғанын анықталды, деп Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы ТЖМ жүргізген кешенді жұмыстың арқасында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттің саны 17%-ға, материалдық шығын 14%-ға, өрт кезінде адамдардың қаза болуы 8%-ға азайғаны байқалады», - деп хабарламада нақтыланған.

Оқу орындарында әңгімелесулер, дәрістер, интерактивтік сабақтар өтуде. Әлеуметтік бейнероликтер көрсетіледі, өрт сөндіру бөлімдеріне барады, жас өрт сөндірушілер арасында жарыстар ұйымдастырылады. Ішкі істер органдарымен бірге арнайы рейдтер жүргізіледі.

Халыққа ағымдағы жылғы 10 айда Қазақстан Республикасында 10980 өрт тіркелгені, ондағы материалдық шығын 3 млрд. теңгені құрағаны түсіндірілді. Бұл ретте ТЖМ күштері 1237 адам мен 50 млрд. теңгеден астам сомада материалдық құндылықтарды құтқарды.  Алайда өртте  329 адам, соның ішінде 38 бала қаза болды, 452 адам әртүрлі дәрежедегі ауыр жарақаттар, күйіктер алды және уланды. Жүргізілген талдау өрттің көп бөлігі бұрынғыдай тұрғын секторда – бұл өрттің жалпы санының 66%-ы екенін көрсетті. Қауіп-қатердің негізгі себептері мен факторлары айтылуда, инженерлік-инспекторлық құрам өрт қауіпсіздігі қағидалары туралы жадынамалар мен буклеттер таратты, халықты өз қауіпсіздігінің және туыстары мен жақындарының қауіпсіздігіне аса ұқыпты және жауапты қарауға шақырды.

 

Барлық жаңалықтар