• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Мемлекеттік басқару академиясында ЭЫДҰ есебін оқыту үрдісіне енгізу жоспарлануда

ҚР Мемлекеттік басқару академиясында ЭЫДҰ есебін оқыту үрдісіне енгізу жоспарлануда

9 Қараша, 2015 11:23
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының есебін оқыту үрдісіне енгізу жоспарлануда, деді ҚР қызметкерлеріне мемлекеттік саясат бойынша өткізіліп жатқан семинарда академияның вице-ректоры Шолпан Есімова.

Семинар барысындла ЭЫДҰ есебі таныстырылды, олның құрамына мемлекеттік органдардың құрылымын жақсарту мәліметтері мен органдар арасында коммуникация мен қарым-қатынас құрылымының жақсаруы енеді.

«Кездесулер мемлекеттік басқару жүйесіндегі проблемаларға анық қарап, оларды шешуге мүмкіндік береді.Семинар барысында мемлекеттік саясат саласындағы тәуекелді талдау, бағалау және басқару бойынша озық практика мен тәжірибе қарастырылуда.Семинар барысында қатысушылар Қазақстанның ерекшеліктері мен жағдайларын ескере отырып, мемлекеттік саясатты талдау мен бағалаудың, мемлекеттік басқарудағы тәуекел-менеджменттің негізгі аспектілерін талқылайды.Шара мемлекеттік органдардың қызметіне бағдарланған алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен саясат мәселелеріне арналған. Бұл семинар еліміздің мемлекеттік органдарының ЭЫДҰ-ның қолданыстағы стандарттары мен ұстанымдарына икемделуіне мүмкіндік береді», - деді академияның вице-ректоры Ш. Есімова.

Барлық жаңалықтар