- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЭЫДҰ сарапшылары ҚР қызметкерлеріне мемлекеттік саясат бойынша семинар өткізіп жатыр
Астанада ЭЫДҰ сарапшылары ҚР қызметкерлеріне мемлекеттік саясат бойынша семинар өткізіп жатыр
Кездесуге Қазақстанның барлық мемлекеттік органдарының өкілдері, ЭЫДҰ сарапшылары қатысуда. Кездесудің негізгі мәселелері мемлекеттік саясат саласында қауіптерді басқару және оларға баға беру болды.
«Семинар барысында мемлекеттік саясат саласындағы тәуекелді талдау, бағалау және басқару бойынша озық практика мен тәжірибе қарастырылуда», - деді ЭЫДҰ мемлекеттік басқару және аймақтық даму дирекция бөлімі жетекшісінің орынбасары Татьяна Теплова.
Ол атап өткендей, осы жылдың ақпанында Қазақстан мен ЭДЫҰ арасында 2015-2016 жылдарға арналған Ынтымақтастықтың елдік бағдарламасына қол қойылды.
Бұл бағдарлама әр түрлі салалардың өзара қатысуын қамтиды, атап айтсақ, мемлекеттік басқару саласы да бар. Бағдарлама Қазақстан үкіметіне ЭЫДҰ ұсыныстары мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруда қолдау көрсетуді қарастырып отыр.
Т.Теплова атап өткендей, ЭЫДҰ көптеген елдерінде Қазақстан электронды үкімет аясында қолдауға ие болып отыр.
«Бұл өте маңызды жетістік, біз Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы жұмыстың дамуы барысында мемлекеттік басқару саласындағы құралдардың сақталуына куә боламыз», - деді сарапшы.
Сондай-ақ, ол ҚР Ұлттық экономикасының Қазақстанда ЭЫДҰ ұсыныстарын енгізу бойынша Жол картасын дайындағанын атап өтті.
Сонымен қатар, ол ағымдағы жылдың ақпанында Қазақстан мен ЭЫДҰ 2015-2016 жылдарға арналған бастапқы ынтымақтастық бағдарламасына қол қойғандарын еске салып өтті. Бұл құжат түрлі салаларға, оның ішінде мемлекеттік басқару жұмыстарына, бірлесіп араласу жағдайын қарастырады. Атап айтқанда, бағдарлама ЭЫДҰ кеңестерін жүзеге асыруда Қазақстан үкіметіне қолдау көрсету, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жаңа қырынан бағалау, сонымен қатар мемлекеттік басқару саласында ЭЫДҰ стандарттарын енгізу мәселелерін қамтиды.
«Бұл семинар Жол картасының бөлшегі болып есептеледі. Бүгін біз таңдап алған бағдарлама Қазақстанның жаңғыруымен тығыз байланысты. ЭЫДҰ-ның әр түрлі есептерінде біз сіздермен жұмыс істейміз», - деді Т.Теплова.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары