- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЖҚЖК-2020 аясында 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты
Астанада ЖҚЖК-2020 аясында 3 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» және «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» екі бағыттары бойынша іске асырылуда.
Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ағымдағы жылғы 1 қараша күй жағдайына 8 нысанда жұмыс аяқталды (№ 1 қалалық балалар ауруханасы, № 2, 3 және № 9 қалалық емхана, № 10 мектеп-гимназиясында, № 40 орта мектебінде, Тәуелсіздік даңғылында орналасқан «Демеу» отбасылық медицинаның оқу-практикалық орталығында, Астана қаласы әкімдігінің «Белгіленген тұрақты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ-де), № 3 қалалық емханаға қарасты жалпы практиканың дәрігерлерінің бөлімшесі күрделі жөңдеу жұмыстары жалғасып жатыр, Абылай хан даңғылында орналасқан «Демеу» отбасылық медицинаның оқу-практикалық орталығында ағымдағы жөңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, объектілерге 144 адам, оның 72-і Жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен жұмысқа орналасты.
Бағдарламаның «Оқыту және жұмыс берушінің талабы шеңберінде қоныстандыру арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу» бағытының шеңберінде жыл басынан бағдарламаға қатысу сұрақтары бойынша барлығы 3 233 адам келді.
«Тұрақты жұмыс орындарына 3 117 адам жұмысқа орналасты. Мемлекеттік қолдау шараларымен 783 адам қамтылды: 586 адам жастар практикасына жіберілді; 115 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды; 82 адам қайта даярлау курстарына жіберілді», - делінген хабарламада.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды