Қазақстанда жыл басынан бері 514 кеме куәландырылды – ИДМ

9 Қараша, 2015 11:42
Кеме иелерімен берілген өтінімдерге сәйкес 2015 жылдың 9 ай ішінде ҚР Көлік комитетінің «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнымен 514 кеме куәландырылды, олардың ішінде 337 кеме жарамды деп танылса, 177 кемеге тыйым салынған, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Жыл басынан бері 27 кеме техникалық есепке қойылған, ұйымдарды тану туралы 14 куәлік берілді, дәнекерлеушіге рұқсат беретін 20 куәлік берілді, кемелерді салуға 3 техникалық жоба қарастырылды. Қазақстан кеме қатынасының тіркелімінің бақылауымен 33 кеме жөнделді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі Қазақстан кеме қатынасы тіркелімінің техникалық есебінде тұрған флоттың 100 % апатсыз жұмысы оның нәтижесі болып табылады.

Кемелердің техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 5 нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы бұйрықтың жобаларын әзірлеу Қазақстан кеме қатынасының тіркелімімен жүргізіліп жатыр.

Өткен кезеңнің ішінде шетел сыныптамалық қоғамдарымен әрекеттесу мәселесі бойынша үлкен жұмыс жүргізілді.

Осылай, 2015 жылдың 22 мамырында Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі Техникалық бақылау және сыныптау органдарының халықаралық қауымдастығына (ТБСО) кірді, ал 2015 жылдың шілдесінде итальяндық сыныптамалық қоғамы RINA Services S.p.a. ынтымақтасу туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазіргі уақытта ынтымақтастық мәселелері бойынша келісім-шарт жасау туралы Ресей теңіз кеме қатынасының тіркелімімен келіссөздер жүргізілуде.

 

 

 

Барлық жаңалықтар