- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Шабыт» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)
Астанада «Шабыт» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды (ФОТО)
««Шабыт» - нағыз өнер додасы. Фестиваль сахнасында тек Қазақстанның ғана емес, шетелдің үздік өнерпаздары да өнер көрсетіп келеді. Мақсат бүгін айтарлықтай жеңіске жетті, бұдан былай да осындай жетістіктері көп болсын, - деді Ермек Аманшаев.
Биылғы фестивальде алғаш рет өткізіліп отырған спорттық бал биі сайысында Красноярлық (Ресей) жұп Роман Зотодов пен Анна Позднякова жеңімпаз атанды.
«Халықтық музыка» номинациясының домбырамен ән айту категориясында Бас жүлдеге Жақсыгелді Маясаров ие болды. Үздік домбырашы атағы мен медальді Астаналық Бегджанов Сәкен иеленді.
«Бейнелеу өнері» номинациясында қазылар алқасының назарына ұсынылған 150 жұмыстың ішінен мүсін категориясында Павлодарлық Данияр Сарбасовтың туындысы, сәндік-қолданбалы өнерде Атыраулық Есенғазиев Алтынбектің жұмысы үздік деп танылып, Бас жүлдеге ие болды.
Академиялық ән айту категориясында Астаналық Шахризада Тыныштық Бас жүлдені иеленді. «Фортепиано» бойынша бас жүлдені алматылық Рабиға Дюсембаева алса, "альт, виолончель, контрабас" категориясында Павел Романенко Бас жүлдеге лайық деп танылды. Цирк өнері номинациясында Алматыдан келген Қазақ мемлекеттік циркі командасы үздік атанды.
Фестиваль жеңімпаздары мен қатысушыларын елорданың мәдени өмірінде айрықша орын алатын шараның аяқталуымен құттықтау үшін әлемдік өнер майталмандарынан құралған әділ қазылар алқасы мен ұстаздар, қалалық әкімдік өкілдері, шығармашылық интеллигенция өкілдері, қала қонақтары мен тұрғындары жиналды.
Гала-концертте «Шабыт» фестивалінің бас жүлде иегерлері мен эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
-
АХҚО олимпиада жеңімпаздары Қазақстан мен Ресейдің жетекші ЖОО-ларында білім алмақ -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды -
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Экология проблемаларын шешуге арналған үздік идея авторлары марапатталды -
Astana Hub: TechHub.kz платформасын әзірлеу бойынша конкурстың жеңімпаздары анықталды -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Журналистерге арналған "Аманат" және "Туған ел" байқауының жеңімпаздары анықталды -
Түркістандық азаматтар "Халық алғысы" медалімен марапатталды -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО)