- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР халық жазушысы Ә.Нұрпейісов қызылордалық оқырмандармен кездесті (ФОТО)
ҚР халық жазушысы Ә.Нұрпейісов қызылордалық оқырмандармен кездесті (ФОТО)
Шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет қызметкерлері мен студент-жастар қатысты. Кешті филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы ғалым Бағдат Кәрібозов жүргізді.
Естеріңізге сала кетейік, Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылдың 22 қазанында Қызылорда облысы Арал ауданы Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. Қазақ руханиятына үлкен үлес қосқан қаламгер шығармалары бүгінде қазақ әдебиетінің бай мұралары болып саналады.
Жазушының тұңғыш шығармасы – Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған «Курляндия» романы 1950 жылы жарық көрген. Бұл шығармасы үшін жазушыға Жамбыл атындағы республикалық сыйлық берілген. «Курляндия» романы кейіннен өңделіп, толықтырылып, 1958 жылы «Күткен күн» деген атпен қайта жарияланған. «Қан мен тер» трилогиясы және «Сең», «Соңғы парыз» романдары дүниежүзі халықтарының көптеген тілдеріне аударылған. «Қан мен тер» трилогиясы орыс, француз, испан, чех, румын және түрік тілдеріне тәржімаланған. Бүгінгі кездесу кешіне келген кітапсүйер қауым үшін мәдениет үйінде жазушының туындылары қойылған көрме ұйымдастырылды.
«Мен 92 жасқа аяқ бастым. Бүгін елге келіп, жерлестеріммен, оқырмандарыммен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Әсіресе, кездесуге жастардың көп келгені көңілге қуаныш ұялатады. Сондықтан осы жастарға адал болыңдар, көп оқып, алған білімдеріңізді ел игілі үшін жаратыңдар дегім келеді. Кеш барысында көкейлеріңде жүрген сауалдарың болса, мен жауап беруге дайынмын», - деді жазушы Ә. Нұрпейісов.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
COVID-19: Әлемде халықты вакциналау қалай жүріп жатыр -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері