- Басты
- Жаңалықтар
- Ц.Цачева: Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттырады
Ц.Цачева: Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін арттырады
- Қазақстан мен Болгария арасындағы парламентаралық қарым-қатынастың деңгейіне қандай баға бересіз?
- Екі ел арасындағы парламентаралық қарым-қатынас мені толық қанағаттандырады. Бұл орайда екі ел арасындағы парламенттік желі бойынша жоғары дәрежедегі екіжақты ынтымақтастық жолында жасалып жатқан өзара сапарларды ерекше атап өткен жөн. Достық тобының парламенттер арасындағы байланыс пен ынтымақтастықты дамытудағы маңызды рөлін атап өту қажет. Мен осы сапарымды пайдалана отырып Парламент Мәжілісінің төрағасын Болгария Республикасына ресми сапарымен келуге шақырамын.
Біздің екіжақты серіктестігіміз бен айқын ынтымақтастығымыздың көрінісі парламентаралық ынтымақтастық туралы меморандум болмақ, ол осы сапар кезінде жүзеге асады. Меморандумға қол қойылу Болгария мен Қазақстан арасындағы парламенттік саладағы байланыс пен ынтымақтастықты тереңдете түсіреді.
- Қазіргі таңда әлемдік экономиканың жағдайы әр түрлі елдің серіктестігін кеңейтуге мәжбүрлеп жатыр. Біздің елдер де бұл үрдістен тасада қалмады. Бұл өзара байланысты тиімдірек ете түсу үшін қандай әрекет жасау керек?
- Қазақстан Болгарияның дәстүрлі экономикалық серіктесі. Біз онымен жан-жақты, ұзақмерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Біздің ойымызша, екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты ауыл шаруашылығы, жоғары астық өндірістік технологиясы, ғарыштық, фармацевтика мен өңдеу өнеркәсібі, машина жасау және құрылыс саласында жүзеге асыру қолайлы. Екіжақты экономикалық қарым-қатынастың әлеуетін дамыту алда тұрғандықтан біздің мақсатымыз екіжақты тауар айналымды көбейту және ірі көлемдегі қазақстандық инвестицияны Болгарияға тарту.
Бүгінгі сапар аясында Болгария-Қазақстан сауда палатасының ашылуы екіжақты экономикалық байланысты тереңдетуде маңызды қадам болып есептеледі.
- Қазақстан Дүниежүзілік сауда экономикалық ұйымына енді. Сіздің көзқарасыңыз бойынша Қазақстан ДСҰ-ға енуде Болгарияның тәжірибесін сәтті қолдана алды ма?
- Болгария Дүниежүзілік сауда ұйымына 1996 жылы енген болатын. Болгария мен ЕО Қазақстанның ДСҰ-ға енуін белсенді түрде қолдайды, болашақта да біздің қолдауымызға сене аласыздар.
Бүгінгі таңда ДСҰ халықаралық бизнесті құруда тәртіптер мен міндеттердің қалыптасуына тікелей әсер етеді. Әлемдік сауданың тауарларды реттеуіне, жеке меншік және елдің сауда саясатын реттейді.
Болгарияның ДСҰ-ға енуі халықаралық тәртіптерді енгізу арқылы әлемдік экономикамен ықпалдасуға жол ашты, сондай-ақ, халықаралық ұйым құрамындағы сауда-инвестициялық қатынасқа алып келді.
Қазақстан да осы басымдылықтарға ие болып, әлемдік және Болгарияның тәжірибесін қолдану арқылы елдің сыртқы саудасын реттей алады. Бұл фактор шетелдік инвесторлар үшін өте маңызды. Еуропалық инвесторлар бұл үрдісті ДСҰ-ға енудің маңызды басымдылығы екенін айтады.
Қазақстанның ДСҰ-ға енуі бәсекелестікті арттырып, ұлттық кадрлардың сапасын жақсартып қана қоймай, қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен экономика өсімі мен табысын ұлғайтады.
- Қазақстан мен Болгария ынтымақтастығының қай бағытының әлеуетін жоғары бағалайсыз?
- Болгария Республикасы Қазақстан мен Болгария ынтымақтастығына зор мән береді. Біз бірлескен күш-қуат арқылы екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге шығарып, серпін беретінімізге сенімдіміз. Атап айтсақ, сауда-экономикалық салада ынтымақтастықты тереңдету мен кеңеюіне жағдай жасап, қолданылмаған мүмкіндіктерді ашу жолында еңбек етеміз.
Екі елдің даму әлеуеті әлдеқайда жоғары, оны жүзеге асыру үшін саяси еркіндік керек. Біз машина жасау, электротехникалық өндіріс, ақпараттық-коммуникациялық технология, ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру, экология саласында ынтымақтастықты тереңдетуде үлкен мүмкіндіктерге иеміз.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы – еуразиялық кеңістікке шығаратын қақпа, ал Болгарияның теңіз порттары Қазақстан үшін Қара теңіз аймағы мен Балқан, ЕО-ға шығарытын тұрақты әлі сенімді көпір болмақ.
Сұхбатыңызға рахмет.
Данияр Қасымов
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
6 шілде: Назарбаевтың өмірбаяны, еңбек жолы және үздік бастамалары -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
COVID-19: Коронавирусқа қарсы иммунитет өмір бойына сақталуы мүмкін бе -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты