- Басты
- Жаңалықтар
- Нан бағасының қымбаттау мүмкіндігіне байланысты өмір сүру деңгейі төмендейтін азаматтар атаулы әлеуметтік көмек ала алады
Нан бағасының қымбаттау мүмкіндігіне байланысты өмір сүру деңгейі төмендейтін азаматтар атаулы әлеуметтік көмек ала алады
Қазіргі таңда табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарды (отбасыларын) әлеуметтік қолдау «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады. АӘК жан басына шаққандағы орташа табыс пен облыстар, Астана және Алматы қалаларындағы әрбір отбасына шаққандағы есеппен белгіленген кедейлік шегі айырмашылығының ақшалай нысанында беріледі (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40%).
2015 жылдың 1 қазанындағы ақпаратқа сәйкес, АӘК-ні табысы кедейлік шегінен төмен 34,7 мың азамат алып отыр, АӘК-нің бір адамға шаққандағы көлемі орта есеппен 2407 теңгені құрайды. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда АӘК алушылардың саны 32,2%-ге қысқарды, сәйкесінше, АӘК-ің жалпы төлем көлемі 967,6 млн. теңгеден 752,5 млн. теңгеге дейін азайды.
Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақымен 519 293 адам қамтылды, оның жалпы көлемі 7 млрд. 643 млн. теңге. 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда балаларға берілетін жәрдемақы алушылар саны 2,8%-ға қысқарды.
Сонымен қатар, бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде ҚР ДСӘДМ «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңын әзірлеп, оны Парламент мақұлдады.
Аталған Заң 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде қазіргі таңдағы қолданыстағы жұмыспен қамту шараларын алмастыратын белсенді шараларға қатысуымен шартталған атаулы әлеуметтік көмекті әрбір отбасы мүшесіне көрсетудің жаңа тәртіптерін енгізуді қарастырады: көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы аз қамтылған отбасыларына арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдеамақысы;аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.
АӘК жаңа үлгіде шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінеді.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, ең төмен күнкөріс деңгейі - бұл ең төмен тұтыну себетінің құнына тең келетін, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс. Ең төмен күнкөріс деңгейінің көлемін азық-түлік себетінің азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесіне ұлғайтылған бағасына қарай мемлекеттік статистика жөніндегі уәкілетті орган есептейді.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек