- Басты
- Жаңалықтар
- «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы марапатталды
«Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы марапатталды
Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықтағы жоғары көрсеткіштері, сондай-ақ өздерінің функционалдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін бірқатар әскери қызметші вымпелдармен, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Корабль командирі капитан-лейтенант Бауыржан Мұратұлы «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблі алдында қойылған 2015 жылға арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес барлық тапсырмалар орындалғанын және ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз базасы мен Әскери-теңіз күштері қолбасшылығының тарапынан жоғары бағаға лайықты екенін атап өтті.
Соңында әскери теңізшілердің аналары, жұбайлары мен отбасы мүшелері марапатталды. Оларға корабль командирінен алғыс хаттар, сондай-ақ вымпелдар, белгілер және корабльдің нақышы бар естелік кәдесыйлар табыс етілді. Бұл шараға орай, әскери қызметшілер мерекелік концерт және түскі ас ұйымдастырды.
Жауынгерлік оқу шеңберінде 2015 жылы «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблінің экипажы ортақ ниетпен біріккен оқу-жауынгерлік тапсырмалардың тұтас кешенін, әуе шабуылына қарсы және катерге қарсы қорғаныс бойынша ондаған оқу-жаттығуды, жүздеген корабльді оқу-жаттығу мен жаттықтыруды, сондай-ақ зымыран және артиллериялық оқ атуларды, теңізге түтінді шымылдықты (бүркемені) шығаруды, атыс қаруынан оқ атуды және тағы басқаны орындағанын айта кеткен жөн.
Әскери теңізшілер шамамен жауынгерлік даярлықтың 20 сынағынан мүдірмей өтті, бұл ретте оның ішіндегі 18-і қаруды іс жүзінде қолдана отырып өтті. 2015 оқу жылында корабльдердің теңізге шығуы анағұрлым ұлғайды, шамамен 7 000-ға жуық миля еңсерілді (бұл дегеніміз шамамен 14 000 шақырым), Жауынгерлік және теңіз дағдысын жетілдіру, жауынгерлік даярлықтың жоспарлы іс-шараларын орындаудан басқа, корабльдің экипажы 2015 оқу жылында Каспий теңізіндегі ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің жауапкершілік аймақтарында мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды сәтті шешті.
-
Қазақстандықтар Елбасы медалімен марапатталды -
Еңбек адамдары мемлекеттік наградалармен марапатталды -
Қарулы Күштерде жыл қорытындысы бойынша үздік әскери қызметшілер марапатталды -
Экология проблемаларын шешуге арналған үздік идея авторлары марапатталды -
Түркістандық азаматтар "Халық алғысы" медалімен марапатталды -
Мақтааралда ерікті әскерилер марапатталды -
Қазақстанның үздік кәсіпорындары мен кәсіпкерлері марапатталды -
Елордада "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегерлері марапатталды -
Мәскеуде қазақстандық Ауған соғысы ардагерлері марапатталды
-
Елордада инклюзивті білім беруді ақпараттандыру бойынша үздік жұмыстардың авторлары марапатталды -
Елордада «Жасыл офис» конкурсының жеңімпаздары марапатталды -
Мәдениет саласындағы үздік БАҚ өкілдері марапатталды -
Астанада үздік шетелдік инвесторлар марапатталды (ФОТО) -
Астанада дизайнерлер байқауының жеңімпаздары марапатталды -
Ахметжан Есімов мемлекеттік наградамен марапатталды