- Басты
- Жаңалықтар
- Калачи ауылының 24 отбасына жаңа пәтер кiлттерi табысталды (ФОТО)
Калачи ауылының 24 отбасына жаңа пәтер кiлттерi табысталды (ФОТО)
4 қабатты тұрғын үй «Жұмыспен қамтудың жол картасы — 2020» мемлекеттiк бағдарламасы аясында Калачи ауылы және Красногорск поселкесi тұрғындарын көшiру үшiн бөлiнген қаражатқа салынған.
Пәтер кiлтiн алғандардың бiрi Рязапова Найляның қуанышында шек жоқ. Оның отбасы екi пәтерлi үйге ие болды. «Бiз жер үйде тұрдық, күн сайын су тасып, от жағу керек болатын. Ауылда ешқандай болашақа жоқ, ең бастысы өз денсаулығымыз үшiн алаңдап өмiр сүрдiк. Бiзге Есiл қаласынан үй бергенi өте қуанышты. Пәтерiмiз бiзге ұнады. Жылы. Ендi бөлмелерге өз қалауымызша жөндеу жасап аламыз да қараша айының ортасына дейiн көшемiз» — дейдi ол қуанышын жасыра алмай.
Зейнеткер Анна Андрееваға бiр бөлмелi пәтер бұйырыпты. Ол үйдiң жылылығын, әдемiлiгiн, бiрiншi қабатта екендiгiн, яғни өзiне ыңғайлылығын айтты. «Осындай бiзге қиын кезеңде қолдау бiлдiргендерi үшiн алғысымызды айтамыз» — дедi ол.
Жаңа үйлердегi пәтерлер заманауи жобамен тұрғызылған. Бөлмелер кең, санитарлық торап бөлiнген. Аула асфальтталып, жарықтандырылған, көлiк қоятын орын жасақталған. Әр кiре берiстерге темiр есiктер мен домофондар орнатылған. Болашақта бұл жерде стадион мен балалардың ойын алаңқайларын тұрғызу жоспарлануда. Ал қазiр дүкен, мектеп, балабақша үйден алыс емес.
Еске сала кетейiк, биылғы жылдан бастап ҚР Үкiметiнiң қолдауымен облыс басшылығы Калачи ауылының және Красногорск поселкесiнiң тұрғындарын өңiрдiң өзге аумақтарына көшiру туралы шешiм қабылдаған болатын. Бүгiнгi күнi бұл ауылдардан 84 отбасы (218 адам) көшiрiлген. Аталмыш ауыл тұрғындарын көшiру тек тұрғындардың келiсiмi бойынша жалғасуда.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды