Қазақстан Елшісі Шри-Ланка Президентіне сенім грамоталарын табыстады

7 Қараша, 2015 13:36
Үндістандағы Қазақстан Елшісі Болат Сәрсенбаев Шри Ланка Демократиялық Социалистік Республикасының Президенті Майтрипал Сирисенге сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады ҚР СІМ.

Президентпен кездесу аясында Қазақстан мен Шри Ланка арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың тиімді жолдары мен пайдасы жолындағы мәселелер талқыланды.

Б.Сәрсенбаев Шри-Ланканың сауда және өндіріс министрі Рашид Басудин және Сыртқы істер министрлігінің хатшысы Читрангани Вагисварамен кездесу өткізді. Кездесу барысында экономика және сауданы дамыту  келешегі мен Шри-Ланканың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мен Қазақстанның  2017-2018 жылдарға арналған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес өкілдігіне қолдау көрсету мәселелері  талқыланды.

Барлық жаңалықтар