Маңғыстауда жас кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылды

4 Қараша, 2013 14:25
«Жастар жетістіктері» қоғамдық қоры жастар саясаты басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында Маңғыстауда Жас кәсіпкерлерді қолдау орталығын ашты. Бұл жайлы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының баспасөз қызметі хабарлайды.

«Кәсіпкерлік мамандандыру, қаржылық сауаттылыққа баулу, ақпараттық ағарту, жастар арасында кәсіпкерлікті  насихаттау, кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету мен өз кәсібін ашуға дем беру – аталмыш орталықтың басты мақсаты», - делінген хабарламада.

Орталық ауылдық жерлерде кәсіпкерлік бастауға ниетті жастарға қолдау көрсетуді мақсат етеді. Осы орайда кәсіпкерлік баулу жұмыстары арасында кеңес беріп, қолдағы капиталды тиімді басқару, бизнес-жоспар дайындау, қаржы көздерін тарту секілді мәселелерде көмек береді.

Сонымен қатар, бастауыш кәсіпкерлерге қазақстандық кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы мемлекеттік қолдау туралы ақпарат беріледі.

«Бүгінде орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту өте маңызды. Әсіресе олардың жастар тарапынан қолға алынуы керек. Біз жас кәсіпкерлер орталығын аша отырып өңірдегі жас кәсіпкерлерді қолдауды көздеп отырмыз. Жаңа бастама өз нәтижесін беріп, нақты пайда әкеледі деп сеніміз», - дейді Маңғыстау облыстық жастар саясаты басқармасының жетекшісі Бауыржан Тұяқов.

Барлық жаңалықтар