ОҚО-да 100 орындық мектеп ашылды

7 Қараша, 2015 12:01
Ордабасы ауданы Боралдай ауылындағы Несіпбай Оразбаев атындағы мектептің оқушылары жаңа ғимаратқа көшті. Аудандық бюджетке салынған білім ордасы 100 орындық, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жаңа мектеп заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Атап айтсақ, компьютер кабинеті мен интерактивті тақта және оқушыларды еңбекке баулитын арнайы кабинеттер де талапқа сай.

Сонымен қатар, мектеп жанынан арнайы балабақша тобы үшін шағын орталықта құрылды.

Мектептің ашылу салтанатына аудан әкімі Самат Сапарбаев қатысып, оқушыларға құттықтау лебізін жеткізді. Айта өтейік, Ордабасы ауданында ағымдағы жылдың қыркүйек айында 2 мектеп пайдалануға берілсе, 2 бастауыш мектепке жаңадан ғимарат сатып алынды.

 

Барлық жаңалықтар