Қазақстанда жекешелендіру аясында 216 нысан сатылды – Қаржы министрлігі

7 Қараша, 2015 11:32
2015 жылдың 5 қарашасындағы жағдайы бойынша 2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында 216 нысан сатылды, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

2014 жылдың маусым - 2015 жылдың қаорашадағы кезеңінде 437 нысан  жекешелендіруге жатады.

2015 жылдың 5 қарашадағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 393 нысан  шығарылды, оның ішінде  216 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 11, коммуналдық меншік бойынша - 99, ӘКК - 59, холдингтер бойынша - 47.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 3 328 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 2 769 млн. теңгеден астам, Холдингтер 61 703 млн теңге, ӘКК 2 956 млн. теңге.

 

Барлық жаңалықтар