• Басты
  • Жаңалықтар
  • Хорватияда «Заманауи Қазақстанның тарих сабақтары мен оның жетістіктері» конференциясы өтті

Хорватияда «Заманауи Қазақстанның тарих сабақтары мен оның жетістіктері» конференциясы өтті

7 Қараша, 2015 11:03
Хорватияның Ислам орталығындағы Қазақстанның елшілігінде «Заманауи Қазақстанның тарих сабақтары мен оның жетістіктері» конференциясы өтті, шараға Загреба ислам қоғамының өкілдері мен Хорватияның іскерлік өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Аслан Мусин қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы мен Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлаудың маңызды шаралары туралы айтты, деп хабарлады ҚР СІМ.

Елші Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарынан кейінгі жетістіктерімен бөлісіп, Қазақстанның инвестициялық және іскерлік ахуалы туралы жоғарғы дәрежеде баяндады. «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының мағынасы туралы баяндалды.

Конференция қатысушылары Қазақстанның «АТОМ» жобасына қосқан үлесі жайында хабардар болып, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі туралы ақпарат алды.

«Конференция барысында Хорватияның қоғам қайраткерлерінің белсенді мүшелерінің бірі сөз сөйледі, Ислам орталығының төрағасы мен Муфтиі Азиз Хасанович Әлемдік және дәстүрлі діндердің съезі туралы айтып өтті. Ол сондай-ақ, Қазақстанның жаһандық бастамаларының өзегі ретіндегі рөлі мен ұлттық өркениеттің диалогына қосқан үлесі туралы айтып өтті. Қазақстан халқыАссамблеясының мағынасы мен ұлтаралық келісімнің сақталуы алға тартылды», - делінген хабарламада.

Қазақстан Елшісі Қазақстанның заманауи өміріне қызығушылық танытқан  аудитория сұрақтарына жауап берді.

Барлық жаңалықтар