• Басты
  • Жаңалықтар
  • БҰҰ миссиясына қатысушы қазақстандық офицерлер бітімгершілік мақсаттағы жауынгерлерді даярлайтын болады (ФОТО)

БҰҰ миссиясына қатысушы қазақстандық офицерлер бітімгершілік мақсаттағы жауынгерлерді даярлайтын болады (ФОТО)

7 Қараша, 2015 10:34
ҚР Қарулы Күштеріне қарасты 61993 әскери бөлімінде бітімгершілік операцияларға арналған оқу-жаттығу орталығы құрылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Аталған орталық қазақстандық бітімгершілік мақсаттағы батальон құрамындағы әскери қызметшілердің даярлығын жетілдіруге мүмкіндік береді. Құрлық әскерлері әскери институтындағы «Бейбітшілік үшін серіктестік» оқу-жаттығу орталығы бітімгершілік мақсаттағы жауынгерлерді теориялық, сонымен қатар бұл орталық іс жүзіндегі даярлықты да қамтамасыз етеді. Тәжірибелі нұсқаушылар бөлімшелерді тұтастай даярлай алады. Қазіргі уақытта жасақтау мәселесі қаралуда.

Жауынгерлерді оқытуға АҚШ пен Ұлыбританияда нұсқаушылар даярлығы бойынша курстарды тәмамдаған ҚР ҚК әскери қызметшілері, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша БҰҰ бітімгершілік миссиясына қатысуда нақты тәжірибесі бар офицерлерді тарту жоспарланып отыр. Бітімгершілік іс-қимылы халықаралық міндеттемелерді орындауда, әскери-саяси ұстанымдардың, еліміздің әлемдік аренедағы мүддесі мен тұтастай беделінің алға басуында мемлекет үшін маңызды болып саналады.

ҚР Қарулы Күштерінде осы мақсатта айқындайтын қазақстандық бітімгершілік батальоны бар. Олар жыл сайын шет ел қарулы күштерінің өкілдерімен бірге «Дала қыраны», «Мызғымас бауырластық» және басқа да оқу-жаттығуларға қатысады. Бүгінгі күні жеке құрамның даярлығы халықаралық стандартқа сай. 2013 жылы НАТО сарапшылары жүргізген нәтижелер бойынша қазақстандық батальонға НАТО-ға мүше елдер қарулы күштерінің бөлімшелерімен үйлескен деген баға берілді.

 

Барлық жаңалықтар