• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алматыда денсаулық сақтау саласындағы жобаларды инвестициялау мүмкіндігі талқыланады

Алматыда денсаулық сақтау саласындағы жобаларды инвестициялау мүмкіндігі талқыланады

4 Қараша, 2013 14:13
Алматыда 2013 жылғы 8 қарашада Алматы қ. денсаулық сақтау саласындағы Корея–Қазақстан Инвестициялық Форумы өтеді, деп денсаулық сақтау республикалық орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

«Тараптар денсаулық сақтаудағы экономика және мемлекеттік-жеке меншік әріптестік, халықаралық қарым-қатынастар және аккредиттеу, сондай-ақ денсаулық сақтау саласы жобаларына инвестициялау мүмкіндігі саласындағы Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы екіжақты тиімді қатынастарды дамыту туралы мәселелерді талқылауды жоспарлайды», - делінген хабарламада.

Шараға  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығының, мемлекеттік және жеке меншік медициналық ұйымдардың, ЖОО, Қазақстанның жетекші құрылыс компанияларының өкілдері және т.б. қатысады.

Корея тарапынан мынадай ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтіледі: СинХан Корей банкі, Самсунг медицина, Самсунг өнімдері, POSCO, Ёнсе университеті жанындағы Каннам Северанс ауруханасы, Корея университеті жанындағы Анам госпиталі,  Сэчонг ауруханасы және т.б.

Форумды ұйымдастырушылар - Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Кореяның Денсаулық сақтау Индустриясын Дамыту Институты (KHIDI).

Форум барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ РМК және Кореяның Денсаулық сақтау Индустриясын Дамыту Институты арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланады.

Осы құжатқа қол қою мақсаты денсаулық сақтау жүйесін дамыту және жетілдіру, оның ішінде ғылыми-зерттеу қызметі, аккредиттеу стандарттары, медициналық білім менеджменті және денсаулық сақтаудағы инновациялық қызмет және т.б. сияқты бағыттардағы Қазақстан Республикасы мен Корей Республикасы арасындағы екіжақты қатынастарды дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды орнату болып табылады.

Форумды өткізу елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға, шетелдік компаниялар арасында оң имиджді қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстанның денсаулық сақтау салсына инвестициялау үшін ең перспективалық сатыны анықтауға бағытталған.           

                

Барлық жаңалықтар