- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев ЮНЕСКО-ның бас директорымен кездесті
Н.Назарбаев ЮНЕСКО-ның бас директорымен кездесті
Кездесу барысында мәдени және тарихи мұраларды сақтау ісінде, білім және ғылым саласында халықаралық байланыстар аясын кеңейтудегі Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның өзара ықпалдастығы мәселелері талқыланды.
Елбасы Қазақстанның ЮНЕСКО-ны қолдайтынын және белсене ынтымақтасып келе жатқанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев И.Бокованың 2012 жылы Астанаға сапары аясында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысуының маңыздылығын атап өтті.
«ЮНЕСКО-мен біздің арамызда жақсы қарым-қатынас орныққан. «Адамзаттың ар-ұжданы» аталған бұл ұйым дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды қорғайды. Қазақстан мәдениетінің көптеген айшықты даталары ЮНЕСКО-да атап өтілді», – деді Қазақстан Президенті.
И.Бокова өз сөзінде Қазақстан ЮНЕСКО-ның ең белсенді әрі ілкімді серіктесі болып саналатынын, соған байланысты ұйымның 70 жылдығында оның Бас конференциясының Нұрсұлтан Назарбаевсыз өтуін елестету мүмкін еместігіне назар аударды.
ЮНЕСКО Бас директоры Қазақстанның мәдениеттерді жақындастыруға байланысты ұсынған бастамалары мен жобаларының әлемдегі келісімді нығайту ісінде зор маңызы бар екенін де атап өтті.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді