- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында көкөніс қоймасы мен етті қайта өңдеу кешені іске қосылады - ҚазАгро
Ақтөбе облысында көкөніс қоймасы мен етті қайта өңдеу кешені іске қосылады - ҚазАгро
Бүгінгі таңда, орын алған экономикалық жағдайда шетелдік азық-түлік импортын отандық азық-түлікпен алмастыру мәселесі өткір тұр. «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қызметі Қазақстанның ірі қалаларының төңірегінде азық-түлік белдеуін нығайтуға бағытталған.
Атап айтқанда, бүгінгі таңда компания «Анди», «Айс», «Молочные истории» сүт фермалары сияқты өнеркәсіптік объектілерді, шетел селекциясының ірі қара малдары бар «Актеп» мал бордақылау алаңын, «Изет Грин Хаус» жылыжай кешенін және аймақтық азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған басқа да ірі жобаларды іске қосқан. Қазіргі уақытта тағы да бірнеше ірі өнеркәсіптік объектілердің іске қосылуы жоспарланып отыр.
Дәлдеп айтсақ, бір мезеттік сақтау қуаты 3000 тонналық «СХФ Пригородный» ЖШС көкөніс қоймасы. Бұл жобаның іске қосылуы маусымаралық кезеңде аймақ тұрғындарын жаңа піскен көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады. Жобаның құны 410 млн. теңгеге жуық, оның 80% - «ҚазАгроҚаржы» АҚ ортақ қаржыландыруы.
«Жоба «Көкөніс қоймаларының желісін құру» инвестициялық бағытының шеңберінде қаржыландырылды. «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаражатына Голландия өндірісінің қазіргі заман қойма жабдығы мен желдету жабдығы сатылып алынған. Қазір көкөніс қоймасы көкөніс өнімдерін салуға толығымен әзір. Жаңа жылға жақынырақ барлық дүние жүзілік стандарттар бойынша сақталған өнімдер бағаны төмендету үшін аймақтың азық-түлік нарықтарына түсетін болады», - делінген хабарламада.
Сонымен бірге, аймақтағы ең ірі, қуаты жылына 7200 тонна ет өнімдерін өндіретін «Молочные истории» ЖШС етті қайта өңдеу кешенінің іске қосылуы жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 2 291,3 млн.теңге. Оның 70% - «ҚазАгроҚаржы» компаниясының ортақ қаржыландыруы.
Қайта өңдеуге арналған ет өнімдері зауытқа тікелей етті қайта өңдеу кешенінің жанында орналасқан, мал асырау стандарттары, сондай-ақ мал союдың халықаралық нормалары ескерілген 10 000 бас ІҚМ арналған аймақтағы ең ірі «Актеп» бордақылау алаңына жеткізілетін болады.
Бұл кәсіпорын өзінің ет өнімдері өндірісінің тұйықталған циклімен қамтамасыз ететінін мақтаныш ете алады. Қарапайым тілмен айтқанда, бордақылау алаңы, сойыс орыны және етті қайта өңдеу кешені бір аумақта орналасқан ауыл шаруашылығы кластері болып саналады, демек малды алыс жерге тасымалдаудың, күйзеліске және сыртқы әсерлерге ұшыратудың қажеті жоқ. Шаруашылықтың жоспары - аймақ пен ел тұрғындарын жас ет өнімдерімен қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар шекарамен шектес елдерге де экспорттық ет жеткізілімінің көлемін ұлғайту.
Жалпы осы жылдың басынан бастап «ҚазАгро» ұлттық холдингінің АӨК қаржыландыруының жалпы көлемі 205,2 млрд. теңгені құрады. Осы соманың АӨК субъектілерін несиелеуге холдингпен 168,2 млрд. теңгесі, ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуға - 36,99 млрд. теңгесі бағытталды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері