Аршалы ауданында жылына 360 млн жұмыртқа шығаратын құс фабрикасы ашылады

6 Қараша, 2015 17:42
Аршалы ауданының Жалтыркөл ауылында жылына 360 млн жұмыртқа шығаратын құс фабрикасы салынуда, деп хабарлады Ақмола облысының әкімдігі.

Бұл жоба Астана қаласының айналасында азық-түлік белдігін құру бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Құс фабрикасы жылына 360 млн. дана жұмыртқа өндіретін болады.

Нысан құны 5 млрд. тенгені құраған. Серіктестік 2018 жылдың 2 жартыжылдығына қарай толық жобалық қуаттылыққа шығамыз деп отыр. Жалпы жоба бойынша 8 тауық күркесінің құрылысын салу жоспарланған. Әзірге жыл аяғына дейін бұл жерде екі тауық күркесін бітіріп, іске қосуды жоспарлауда.

Құс фабрикасын енгізу 100 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.

Дайын өнім Қазақстанның солтүстік аудандары мен Ресейге экспортталатын болады. 

Барлық жаңалықтар