- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қазақстан қаптама өндірушілерінінің конференциясы өтті
Астанада Қазақстан қаптама өндірушілерінінің конференциясы өтті
Іс-шараға қаптама өнімін өндіретін қазақстандық компаниялар, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынама зертханаларының, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Ресейден шақырылған сарапшылар, «Лига переработчиков макулатуры БУМПРОМ» целлюлоза-қағаз өнеркәсібін қайта өңдеу саласындағы кәсіпорындардың қызметін қолдау жөніндегі коммерциялық емес әріптестіктің басқару мүшесі Денис Кондратьев, «Тара и упаковка» журналысының бас редакторы Игорь Смиренный және басқалар қатысты.
Компаниядан хабарлағандай, конференция аясында Қазақстанның қаптама нарығын дамыту, қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін полиэтилен және полипропилен өнімін Қазақстан аумағына енгізуге шектеу қою, металл қаптама өндірісінде пайдаланатын қаңылтырдың ішкі бағасының түзілу саясаты, шыны ыдысы өндірісінің проблемалары және өзге мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ іс-шара аясында Ресей тарапынан Еуразиялық қаптама одағын құру мүмкіншілігін талқылау жоспарлануда.
Қазақстандық қаптама өндіруші кәсіпорындар ішкі нарықты отандық қаптамамен толығымен қамтамасыз етуге (бүгінгі күні өндірістік қуаыттың орташа жүктелімі шамамен 40%) бірнеше күрделі факторлар кедергі болып отыр дейді. Қытай тарапынан пропилен қаптамасының импорты, «Қаптама қауіпсіздігі туралы» ТС ТР талаптарын импорттық жеткізушілердің сақтамауы; қажетті шикізатпен өндірісті қамтамасыз ету проблемалары (мысалы, бизнесмендер қазақстандық өндірістің ресей жеткізушілеріне кейбір материалдар бойынша тәуелділігіндегі жоғары ставкаларды (70%)атайды), қағаз өндірісінің қағазбен, картонмен, макулатурамен қамтамасыз етудегі проблемалар, қаптама индустриясындағы қажеттіліктерге мемлекеттік қадағалаудың жоқтығы ( мысалы қазіргі уақытта «Шыны ыдысы», «Полимерлік ыдыс», «Қағаз қаптама», «Металл банка», «Тығындау құралдары», «Ағаш қаптама» экономикалық қызметтің жеке санаты ретінде танылмаған) әсер етуде. Сондықтан бизнестің қызығушылықтарын қорғау, сондай-ақ инвестициялық жобаларды қолдау тұрғысынан мемлекеттік қолдауға зәру болып отыр.
Бүгінде қазақстандық қаптама нарығының сыйымдылығы 700 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Нарықтың 35%-ын ғана қазақстандық қаптама өндірушілер (шамамен 300-дей) алып отыр, қалғаны Қытай мен Ресейден импортталады. Мысал ретінде айтып кетсек, қазақстандық қаптама нарығы ресей нарығынан шамамен 25 есе аз және украин нарығынан 4,5 есе аз. Құрылым жағынан алғанда Қазақстанның қаптама нарығының 40%-ын полимерлік қаптама, 30 %-ын қағаз және гофро-картон, қалғанын 30%-ын шыны, металл ыдысы және тығындау құралдары құрайды.
Конференцияның қорытындысы бойынша мемлекеттік үкімет органдарына және Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жолданатын ұсыныстар бұрыштамасының жобасы қабылданды. Құжатта іс-шараны өткізу барысында сарапшылардың ұсынған барлық ұсыныстары мен ескертулері ескерілетін болады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру