- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің корабльдері жауынгерлік әзірлігін арттырды (ФОТО)
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің корабльдері жауынгерлік әзірлігін арттырды (ФОТО)
Ортақ ниетпен біріккен оқу-жауынгерлік тапсырмалардың тұтас кешені, әуе шабуылына қарсы және катерге қарсы қорғаныс бойынша ондаған оқу-жаттығу, жүздеген корабльді оқу-жаттығулар мен жаттықтырулар, сондай-ақ зымырандық және артиллериялық оқ атулар орындалды, теңізге түтінді шымылдық (бүркеме) шығарылды, атыс қаруынан оқ атылды және тағы басқа.
2015 оқу жылында корабльдердің теңізге шығуы, шамамен 7 000-ға жуық миля еңсерілді (бұл дегеніміз шамамен 14 000 шақырым), сондай-ақ олардың шешетін тапсырмаларының ауқымы анағұрлым ұлғайғанын атап өту қажет. Жауынгерлік және теңіз дағдысын жетілдіру, жауынгерлік даярлықтың жоспарлы іс-шараларын орындаудан басқа, корабльдің экипажы 2015 оқу жылында Каспий теңізіндегі ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің жауапкершілік аймақтарында мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды сәтті шешті.
Корабль командирі капитан-лейтенант Бауыржан Мұратұлы «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблі жеке құрамының елеулі еңбегін атап өтті. Осылайша, корабль экипажы «Антитеррор-2015» республикалық ауқымдағы оқу-жаттығу мен «Орталық-2015» халықаралық оқу-жаттығуында тапсырмаларды сәтті орындады, сондай-ақ ҚР ҚК ӘТК-нің корабльді соққы жасау топтары және ҚР өзге де әскерлері және әскери құралымдарымен бірқатар тапсырмаларды пысықтады.
Жыл қорытындысы бойынша корабль командирі «Қазақстан» зымыран-артиллериялық кораблі экипажының бірқатар әскери қызметшісін жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықтағы жоғары көрсеткіштері, сондай-ақ өздерінің функционалдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін вымпелдармен, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды