- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Франция техникалық газ өндіретін бірлескен кәсіпорын ашады
Қазақстан мен Франция техникалық газ өндіретін бірлескен кәсіпорын ашады
Жоба бойынша серіктес болып «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – «ҚазМұнайГаз өңдеу-маркетинг» АҚ және өнекәсіптік газ жеткізу саласының әлемдік лидері француз компаниясы «Air Liguide» қатысады. Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның президенті Сауат Мыңбаев және «Air Liguide» компаниясының Бас директоры Кристоф Шалье қол қойды.
Келісім бойынша аутсорсингқа Атырау МӨЗ-інде, Павлодар және Шымкенттегі сутегін, азот және басқа да техникалық газдарды өндіретін қондырғыларды, қондырғыларды басқару мен қолдану, сонымен қатар аутсорсингтің талаптарына сәйкес техникалық газ өндіретін техникалық қуаттардың құрылысын шығару қарастырылған.
Жобаның орындалу барысында француздық серіктестердің ноу-хау трансфертін енгізу қарастырылған, олар техникалық газдарды өндіру саласында, «жасыл экономика» принципін ұстануды, өндірістік процесте энергия тиімділігін арттыру сияқты әлемнің ең тиімді тәжірибесін қолданады. «Air Liguide» компанисының мұнай өңдеу салалық географиясына 80 ел, атмосфералық газдар бойынша 410 қондырғы, сутегі мен сингаз өндіру бойынша 80 қондырғы енеді.
Қазақстанда аутсорсингқа бейінді емес активтер мен ұлттық компаниялардың қосалқы өндірістерін шығару мәселесі мемлекеттік деңгейде қарастырылады. ҚР Президенті ұлттық компанияларда негізгі қызмет пен активтердің бағасын ұлғайту арқылы менеджментті шоғырландыруды бірнеше рет атап өткен. Қазақстан тарапы француз мамандарының қатысуы нәтижесінде МӨЗ-дердің қажеттілігі үшін техникалық газдардың өндіріске енгізілуі тиімділіктің өсуін, сенімділік пен икемділік әкеледі деп күтуде.
Француз тарапы БӨ құру мақсатын алдын ала техникалық-экономикалық анализдеу жобасына белсенді атсалысты.
2014 жылы желтоқсандағы Франция президенті Ф.Орланданың Астанаға сапары кезінде Өзара түсіністік жөніндегі Меморандумға қол қойылғаннан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ -«ҚазМұнайГаз өңдеу-маркетинг» АҚ мен француздың «Air Liguide» компаниясының бірлескен жұмыс тобы құрылып, осы топ аясында тараптар БӨ құру үшін қажетті құжаттарды дайындады.
Аутсорсинг талаптары бойынша азот пен сутегін жеткізу 2016 жылға жоспарланып отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция