• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін белсенді және анық механизм құрылмаған – Айгүл Соловьева

ҚР-да Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін белсенді және анық механизм құрылмаған – Айгүл Соловьева

4 Қараша, 2013 13:13
ҚР-да Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін белсенді және анық механизм құрылмаған, деп Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің мүшесі Айгүл Соловьева Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында мәлімдеді.

«Ең бірінші орынға жемқорлық  пен ашықтық шығады, себебі тұрғындарды  толық ақпараттандыру өте маңызды аспектілердің бірі. Мен «Нұр Отан» партиясының доктринасы жайлы бекерден-бекер айтқан жоқпын, онда жазылғандай мемлекет азаматтарға қызмет көрсетуді басты мақсатқа қойған деп жазылған. Ал бұл тезисті одан әрі дамытатын болсақ, үкімет өз азаматтарының қалауы жайында үнемі біліп отыруы тиіс.  Кейде департамент басшылары мен жергілікті органдардың билігі бағдарламаның өзгеруі жайлы білмейтін жағдайлар кездеседі. Кейбір түсініспеушіліктер туындап жатқаны рас, мәселен, министрлік ондай механизм жоқ десе, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ол үшін 18  млрд теңге бөлдік дейді. Сондықтан, да бұл аспектінің ақпаратына ашық түрде қол жеткізуге болатындай етіп жасау керек», - деді депутат.

Депутат жақында Қарағанды және Қызылорда облыстарында анықталған жемқорлық  жайын да тілге тиек етті.

Оның пікірінше, бұл жағдайлардың барлығы ашық және белсенді механизмнің жоқтығынан болып отыр.  Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды орындау үшін  бұның барлығын атқарушы билік органдарына тапсыру керек.

 

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар