• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әбдіқалықова: 2020 жылға қарай қосымша біліммен балалардың 70 пайызы қамтылады

Г.Әбдіқалықова: 2020 жылға қарай қосымша біліммен балалардың 70 пайызы қамтылады

6 Қараша, 2015 13:29
Қазақстанда тек 25 пайызы қосымша біліммен қамтылған, ал 2020 жылға қарай қосымша біліммен балалардың 70 пайызы қамтылады, деді Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова Оқушылар сарайындағы кездесуде.

«Бүгінде 2020 жылға дейінгі Білім беру бағдарламасының жобасы жасақталуда. Осы бағдарламада қосымша білім беруге үлкен маңыз берілген. Республика бойынша 680 мың бала қосымша білім алуда. 860-қа таяу осындай Оқушылар сарайлары бар. Бірақ ол әлі жеткіліксіз деп санаймыз. Себебі, балалардың тек 25 пайызы қосымша біліммен қамтылған», - деді ол.

Оның айтуынша, басты мақсат - оны 70 пайызға жеткізу. Бізде мектептерде қосымша үйірмелер барын да ескеру керек.

«Онда шамамен 1 миллион бала дайындалады. Бұндай жерлерде балалар белгілі бір өнерге дағдыланып қана қоймай, болашақта таңдайтын кәсіби машықтарын да дамыта алады. Сондықтан ол мәселе өте маңызды», - деді Г. Әбдіқалықова. 

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар