• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Палымбетов: «Самұрық – Қазына» жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерінің бағасы көтерілмейді

Б.Палымбетов: «Самұрық – Қазына» жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерінің бағасы көтерілмейді

6 Қараша, 2015 13:14
«Самұрық – Қазына» жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйлерінің бір шаршы метрінің құны көтерілмейді, деп хабарлады «Самұрық – Қазына» жылжымайтын мүлік қоры»АҚ Басқарма төрағасы Болат палымбетов ОКҚ-дағы баспасөз конференциясында.

«Біз баспана құнына әсер етуі мүмкін құрылыс материлдарын сатып алдық. Олар валюта бағамы өзгергенге дейін сатып алынған. Бүгінде құрылыс материалдарын алдын ала сатылып алынған нысандарда шаршы метрдің бағасы көтерілмейді, егер бір күтпеген жағдай болмаса, әрине.  Ал, әзірге шаршы метрдің құнын көтеруге еш себеп көріп отырған жоқпыз», - деді Б. Палымбетов.

Қор басшысы атап өткендей,  өзіндік құны жыл сайын 4-4,5% өсіп отыратынын ескеретін болсақ, баспананың өзіндік құнының күрт өсуі күтіліп отырған жоқ.

«Соңғы өзгерістерге байланысты баға күрт өседі деп ойламаймыз. Әзірге күтудеміз. Шаршы метр бағасының өсімі бойынша бізде база бар. Бағаның өсімін біз белгілемейміз, біз Құрылыс комитетіне жүгінеміз, онда 2012 жылдан бастап арнайы бағдарлама жұмыс істейді. 2012 жылы біз бірқатар құрылыс компанияларымен келісімге отырдық, ол кезде бір шаршы метрдің құны аймақтарда 120 мың теңге,  Астана, Атырау мен Ақтау қалаларында - 150 мың теңге болып есептелді 2013-2014 жылдары аймақтарда 132 мың теңге, Алматы мен Астанада 164 мың теңге болды. Бүгінде аймақтарда 137 мың теңге болса, Алматы, Астана, Атырау мен Ақтау қалаларында - 171 мың теңгеден есептелді», - деп түсіндірді Б. Палымбетов.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар