• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылдың 9 айында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры жобаларының жергілікті қамтуы 80 пайызға жетті

2015 жылдың 9 айында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры жобаларының жергілікті қамтуы 80 пайызға жетті

6 Қараша, 2015 13:08
2015 жылдың 9 айында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры жобаларының жергілікті қамтуы 80 пайызға жетті. Бұл туралы «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын Жылжымайтын мүлік қорының іске асыруы» тақырыбында өткен брифингте «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Болат Палымбетов мәлімдеді.

 «Біз екі баға тұрақсыздығын бастан өткердік, дегенмен, бір рет те шаршы метрдің бағасын көтерген жоқпыз. Яғни, теңге еркін айналымға жіберілгенге дейінгі ескі бағамен салып жатырмыз. Бұл негізінен қазақстандық үлеске назар аударып, барлық құрылыс материалдарын алдын-ала сатып алумен байланысты. Әйтпесе, ол өзіндік құнға әсер етуі мүмкін. Қазақстандық үлес екі санаттан тұрады, ол құрылыс материалдары мен жұмыс күші. Қазақстандық материалдар үлесі шамамен 40-45 пайызды құрайды», - деді ол.

Сонымен бірге айта  кетейік, сатып алу құқығымен жалға берілетін пәтерлер 15 жыл мерзімге беріледі. Жалдау төлемдерінің мөлшері сатып алу құқығымен жалдаудың бүкіл мерзімі ішінде бірқалыпты деңгейде болады.

Жалпы Жылжымайтын мүлік қоры жергілікті құрылыс компанияларымен тығыз ынтымақтастықта тұрғын үйлер салып, өңірлерді дамытуға белсенді түрде қатысып  келеді. Осылайша, тұрғын үйлер тұрғызу бағытында Бағдарламаны іске асыру шеңберінде Жылжымайтын мүлік қоры еліміздің 11 өңіріндегі құрылыс алаңдарында 4 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашты.

Құрылыс салушылардың объектілерді салу кезінде қазақстандық құрылыс материалдарын қолдануы және жергілікті жұмыс күшін тартуы арқасында ағымдағы жылдың 9 айдағы нәтижесі бойынша іске асырылып жатқан жобалардағы жергілікті қамту деңгейін орташа есеппен 80%-ға дейін арттыруға қол жеткізумен қатар Жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен салынып жатқан объектілердің құрылыс құнын қымбаттатпауға мүмкіндік берді.

 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қазақстандықтарға баспана алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға шынайы мүмкіндік беріп отыр. 

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар