- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Мемлекеттік хатшысы оқушыларға техникалық мамандықтарды таңдауға кеңес берді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
ҚР Мемлекеттік хатшысы оқушыларға техникалық мамандықтарды таңдауға кеңес берді (ФОТОРЕПОРТАЖ)



«Елбасы Н.Ә. Назарбаев ұсынған бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында білім беру жүйесін жаңғырту жөнінде нақты міндеттер қойылған.Қосымша білім беру ісі қазіргі уақытта оқу процесінің маңызды құрамдасы бола отырып, балалар мен жасөспірімдердің білімін, шығармашылық әлеуетін арттыруға, рухани-шығармашылық құндылықтарын нығайтуға ықпал етеді. Ол қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтуға және дамытуға, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған», - деді Г.Әбдіхалықова.
Оқушылар сарайын аралау барысында Гүлшара Әбдіқалықоваға «Менің кәсібім» атты кәсіптік бағдарлау блогының жобалары таныстырылды. Олар қазіргі кезде «Қазақстан темір жолы» және «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компанияларымен ынтымақтастықта табысты іске асырылуда.







Сонымен қатар, Г.Н. Әбдіқалықова ұлттық интерактивті паркті, 3D-технологиялар қолданылатын сфералық және планетарлық көрініс түрінде проекцияланған планетарийді, обсерваторияны, роботты техника зертханасын, классикалық балет секцияларының, халық аспаптары үйірмесінің жұмысын көрді. Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшыға әртүрлі үйірмелерге қатысушылар әзірлеген «жасыл технологияларды» ілгерілету аясындағы ғылыми жобалар таныстырылды.
Сапардың соңында жас журналистер тобы өздерінің алғашқы кәсіби сұхбатын өткізді. Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова жас тілшілердің көкейінде жүрген барлық сауалдарға нақты жауап берді.















Жалпы, Мемлекеттік хатшы Оқушылар сарайының жұмысын оң бағалап, Астанада және еліміздің басқа да өңірлерінде балаларға өзін-өзі дамыту үшін бірдей мүмкіндік жасау мақсатында қосымша білім беруді дамытудың маңызын атап өтті.Мемлекеттік хатшы Г.Н. Әбдіқалықова іс-шара қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Ботагөз Айтжанова
Суретке түсірген Азамата Әлиева
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды