• Басты
  • Қазақстан студенттері үшін 2016 жылдан бастап жемқорлыққа қарсы мәдениет пәні енгізіледі

Қазақстан студенттері үшін 2016 жылдан бастап жемқорлыққа қарсы мәдениет пәні енгізіледі

6 Қараша, 2015 12:54
Қазақстан Республикасы Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы мен Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттік «Сыбайлас жеморлыққа қарсы мәдениет негiздерi» атты жаңа оқу құралын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізіп жатыр.

2016 жылдан бастап Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы агенттік   ЖОО-ларда барлық мамандықтары үшiн «Сыбайлас жеморлыққа қарсы мәдениет негiздерi» пәнiнен жеке модельдiк оқу бағдарламасы енгiзiлмек. Онда тек құқықтық қана емес, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық аспектілер түсіндіріледі. Қазіргі таңда 100 ЖОО атлмыш жүйеге енгізілді.

Аталған шараға ҚР Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi, ҚР Президентi жанындағы Мемлекеттiк басқару академиясы, Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң өкiлдерi мен Қазақстанның жетекшi 25 Жоғары оқу орнының оқытушылары қатысып жатыр. Олар дөңгелек үстел барысында жоғары және ЖОО-дан кейiнгi бiлiм беру жүйесiндегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында бiлiм беру мәселелерiн талқылап, жемқорлыққа қарсы көзқарастың маңызды аспектiлерiн қарастырады.

Оқу құралының бiр данасы шықты. Барлығы келiсiліп, жоғары оқу орындарының барлығы қолдаса, кем дегенде 125 тиражбен шығарылмақ.

Айта кету керек, ҚР Білім және ғылым министрлігі агенттiкпен бiрігiп, биылғы жылдың басынан берi бiлiм берудiң барлық сатысы – балабақшадан ЖОО-ға дейiн сыбайлас жемқорлықа қарсы білім беру және тәрбиенi енгiзуде белсендi жұмыс атқарып келедi.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар