- Басты
- Жаңалықтар
- 4 000-ға жуық қазақстандық ҚР Қарулы Күштерінің әскерлеріне қызмет етуге жіберілді (ФОТО)
4 000-ға жуық қазақстандық ҚР Қарулы Күштерінің әскерлеріне қызмет етуге жіберілді (ФОТО)
Бүгін дәл осы бағытта 50-ге жуық бозбала Петропавлдан аттанады. Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде атап өткендей, 30212 әскери бөліміне жіберілгендер 17 қала мен облыс аудандарынан іріктелініп алынған.
Әрқайсысының жоғары моральдық-іскерлік қасиеттері, орта-арнаулы білімі, «В», «С» санатындағы жүргізуші куәлігі бар, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша шектеулері жоқ («А» жарамдылық санаты). Мерзімді қызмет өткеру үшін шақырылым басталғалы бері Департаментпен барлығы 270 шақырылушы жіберілді. Сарбаздардың жас толымын жөнелту ҚР ҚК-де 19 қазанда басталды.
Сол сәттен бастап күн сайын жекелеген әскери команда болып бозбалалар еліміздің түкпір-түкпіріне жіберілді. Әскерлерге соңғы жөнелту ертең 7 қарашада өтеді. Жас толым үшін дәстүрлі түрде салтанатты шығарып салулар ұйымдастырылады, ал қызмет өткеру орындарында оларды болашақ командирлер, офицерлер күтіп алады. Олар сарбаздарға жаңа жағдайға бейімделулеріне көмектеседі және мерзімді қызмет аяқталғанға дейін бозбалаларға әскери істің негізін, қыр-сырын оқып-үйретеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру 1 қазанда басталды. Шақырылуға 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан аса ер азамат жатады. Олардың 4000-ға жуығы Қарулы Күштердің әскери бөлімдеріне, 2 000-ға жуығы ҰҚК Шекара қызметіне, 6 500-ден астамы ІІМ Ұлттық ұланына және 300-ге жуығы Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді қызмет өткеру үшін бөлінді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді