- Басты
- Жаңалықтар
- Ислам елдерінің мәдениет министрлері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезі қорытындысын жоғары бағалады
Ислам елдерінің мәдениет министрлері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезі қорытындысын жоғары бағалады
Аталып өткендей, Форумның қорытындысы нәтижесінде қатысушылар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НазарбаевқаӘлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақыру туралы игі бастамасы мен форум мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі оның күш-жігеріне алғысын білдірді, сондай-ақ 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада өткен 5-ші Съезд декларациясын жоғары бағалады. Мүше мемлекеттер делегациялары басшыларының сөз сөйлеулері және баяндамалары бойынша Маскат декларациясы және Мәдениет министрлерінің 9-шы Ислам конференциясының қарары қабылданды. Қазақстаннан Мысыр және Мағриб елдеріндегі Қазақстан Республикасының Елшісі, Білім,ғылымжәне мәдениет жөніндегі Исламұйымындағы (ИСЕСКО) Қазақстан Республикасының өкілі Берік Арын қатысты.
«Мұсылман қоғамын дамытудағы мәдениеттің делдалдық орны» тақырыбындағы конференцияға ИЫҰ-ның Бас хатшысы Ияд бен Амин Мадани, ИСЕСКО-ның Бас директоры Абдулазиз Ат-Туэйджри,
40 мұсылман елінің мәдениет министрлері мен бірқатар халықаралық ұйымдардың делегациялары қатысты.
Конференция, сондай-ақ, араб өңірінің 2015 жылғы ислам мәдениетінің астанасы ретіндегі омандық Низуа қаласын мерекелеумен орайластырылды. Осы жылғы Ислам мәдениетінің басқа астанасы ретінде Азиядан Алматы және Африкадан Котону (Бенин) болды.
ИСЕСКО-ның Бас директоры және «Ислам әлемінің мәдени стратегиясы» делегациясы басшыларының елдердің арасындағы байланысты нығайтуда мәдениет рөлін жоғарылатуды, исламофобиямен күресуді, үнқатысу мен мәдени алуандықты, ислам тарихи-мәдени мұрасын, ислам әлемінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, «Ислам мәдениетінің астаналары» бағдарламасын іске асыруды және т.б. көздейтін баяндамалар тыңдалды.
Осы жылғы конференцияның төрағасы Оманның Мұра және мәдениет министрі Хайсам бен Тарик Аль Саид ИСЕСКО мүше мемлекеттерінің қалаларын ислам әлемінің мәдени астаналары деп жариялаудағы мақсат бүгін мен болашақты құру үшін олардың тарихы мен өркениетін қайта өркендету және олардың мәдениет пен ғылымға қосқан үлесін атап өту деді.
И. Мадани лаңкестік әрекеттер салдарынан қираған ислам мұрасы және ескерткіштерін сақтауда ислам елдерімен тығыз байланыс жасайтын халықаралық ұйымдардың күш-жігерінің маңыздылығына тоқталды.
Негізгі баяндамашы Абдулазиз Ат-Туэйджри ислам мәдениетін дамыту бойынша мақсатты бағытталған саясат өз өзектілігін жоғалтқан жоқ және мәдениет елдер арасындағы байланыстарды нығайтуда маңызды рөлге ие екендігін атап өтті.
Өз кезегінде, Б. Арын қатысушыларды «Алматы – 2015 жылғы ислам мәдениетінің астанасы» аясында өткізілген іс-шаралармен, сондай-ақ Ислам тарихи-мәдени мұрасын дәріптеу бойынша біздің еліміздің күш-жігерімен және де діндер мен өркениеттер арасындағы үнқатысуды дамыту үдерісіне қосып жатқан үлесімен таныстырып өтті. Бұл мәнмәтінде қатысушылар Қазақстанның елордасында маусымда болып өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 5-ші съезі туралы да ақпарат алды.
Бұдан басқа, Елші 2015 ж. өткізілетін басқа да маңызды мерейтойлық іс-шаралар жөнінде, яғни қалыптасуында ислам діні маңызды рөл атқарған Қазақ хандығының 550-жылдығын тойлау және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығын мерекелеу туралы айтып берді.
Конференция шеңберінде қазақстандық дипломат пен Абдулазиз Ат-Туэйджридің екіжақты кездесуі өтті, мұнда Қазақстан мен Білім,ғылымжәне мәдениет жөніндегі Исламұйымының арасында конфессияаралық және мәдениаралық үнқатысуды, т.б. бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейту туралы мәселелер талқыланды.
Абдулазиз Ат-Туэйджри Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бастамаларына қолдау көрсетіп, ИСЕСКО қызметінің барлық бағыттары бойынша Қазақстанмен өзара іс-қимылды әрі қарай белсенді жалғастыратындығына сенім білдірді және өзі басшылық жасайтын ұйымның «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысатындығын растады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы