• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б.Сағынтаев пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері 2020 жылға дейінгі шекара маңындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюды талқылады

Б.Сағынтаев пен ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері 2020 жылға дейінгі шекара маңындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қоюды талқылады

6 Қараша, 2015 11:07
Бейжіңде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Чжан Гаолимен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.

Тараптар Бейжіңде қыркүйектің басында өткен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин келіссөздері кезінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру жайын талқылады.

Бақытжан Сағынтаев пен Чжан Гаоли 2015-2020 жылдарға арналған шекара маңындағы ынтымақтастық бағдарламасына қол қою мүмкіндігі мен ҚР мен ҚХР арасында аймақаралық форум құру мүмкіндігін талқыға салды. 

Екі ел көшбасшыларының екі жақты тауар айналымы көрсеткішін 2020 жылға дейін 40 млрд. долларға жеткізу тапсырмасын жүзеге асыру үшін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары өзара сауда көлемін арттыру және тиісті Жол картасын қабылдау бойынша Арнайы жұмыс тобын құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. 

Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, индустриялық және инновациялық ынтымақтастық мәселелері, ауқымды көлік жобалары аясындағы ынтымақтастық, энергетика, ауыл шаруашылығы салаларындағы ықпалдастық жөнінде сөз болды.

 

Барлық жаңалықтар