Қазақстанның Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысы

4 Қараша, 2013 13:17

Дүйсенбі, 4-қараша күні сағат 11:00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформалар және өңірлік даму комитетінің мүшесі Айгүл Соловьеваның қатысуымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013-жылғы 11-қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру тақырыбындағы ОКҚ брифингі өтті.

Мәжіліс барысында талқыланатын ең басты мәселелердің бірі өңірлерді дамыту арқылы индустрияландыру саясатының тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

Мемлекет басшысы атап өткендей, нақты салаларды, оның ішінде индустриялық дамуды қолдау тетіктерін жетілдіру маңызды.

Бұған дейін айтылғандай, құзіреттер мен қаражатты дұрыс жіктемеудің салдарынан биыл ғана құрылған Өңірлік даму министрлігі өз қызметін тиісті деңгейде атқара алмай отыр, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің де қызметіне қатысты сұрақтар туындауда. 

 

 

Барлық жаңалықтар