• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Франция Ақтауға жақын маңда тұшытқыш зауытын салу мүмкіндігін қарастыруда

Қазақстан мен Франция Ақтауға жақын маңда тұшытқыш зауытын салу мүмкіндігін қарастыруда

6 Қараша, 2015 12:43
Қазақстан Президенті Нұсрұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары барысында «Бәйтерек» компаниясының тобы француздық серіктестермен бірқатар келісімге қол қойды.

«Бәйтерек» АҚ холдингінің «азына Капитал Менеджмент» АҚ мен «Veolia Water Solutions & Technologies» компаниясы Маңғыстау облысында инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыру бойынша өзара меморандумға қол қойды.

«Меморандум  Ақтау қаласының маңында теңіз суын тұщылату зауытын салу мүмкіндіктерін қарастырады.  Ол теңіз суын өңірде пайдалану мақсатында жүзеге асырылмақ», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда «Veolia» мамандары жобаның техникалық-экономикалық құжатнамасын әзірлеуде, оны жүзеге асырудың бірқатар нұсқалары да қарастырылып қойды.

 

Барлық жаңалықтар