- Басты
- Жаңалықтар
- Минскте дәстүрлі құндылықтар ұлтаралық келісімді сақтаудың негізі ретінде талқыланды
Минскте дәстүрлі құндылықтар ұлтаралық келісімді сақтаудың негізі ретінде талқыланды
Конференцияның жұмысына алдыңғы қатарлы ғалым-әлеуметтанушылар, саясаткерлер, Парламент депутаттары, Қазақстанның "достар клубының" мүшелері, дипломатиялық корпус және қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Қазақстанның Елшісі Ерғали Бөлегенов іс-шараны аша отырып, елдің тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап, мемлекеттің барлық ішкі саясатының өзегі болған және тікелей Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан басталған, ұлтаралық келісім мен конфессияаралық толеранттылықты сақтау мен дамыту стратегиясы жасалғандығын атап өтті.
Н. Назарбаевтың жетекшілігіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің жұмыс істуінің 20 жылында мемлекеттің ұлттық саясатын жүзеге асыру жөніндегі құралға айнала отырып, Қазақстанның ұлттық игілігі болды.Е.Бөлегенов адамдардың өзара қарым-қатынасының бұл аса нәзік саласындағы ұлттық саясат идеясын біртіндеп жүзеге асыру, Қазақстан мен Беларусь секілді елдер жататын көпұлтты қоғам мен мемлекеттерде тұрақтылықты қамтамасыз етеді және оның дәстүрлі құндылықтарға негізделгендігін баса айтты.
Е.Бөлегенов айтып өткендей, ұлтаралық қатынастар, төзімділік және келісім саласындағы жүргізіліп отырған бағыттың дұрыстығының жарқын көрінісі, Н. Назарбаевжалпыхалықтық қолдауға ие болған, 2015 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болды. Белорус халқының осы тектес қолдауына 11 қазандағы президент сайлауында Александр Лукашенко да қол жеткізді.
Сонымен бірге, Қазақстан Елшісі Қазақ хандығының құрылуының 550-жылдық мерейтойын тойлау, ҚР Конституцияның 20-жылдығы және «Қазақстан – 2050» стратегиясының іске асырылуы секілді маңызды әрі өзекті саяси оқиғаларды атап өтті.
БР ҰҒА Әлеуметтану институтының директоры Игорь Котляров, академик Евгений Бабосов және басқа баяндама жасаушылар өздерінің сөйлеген сөздерінде ұлттық құндылықтарды сақтау, соның ішінде отбасылық қағидалар мен жас ұрпақты тәрбиелеу дәстүрі бойынша Қазақстанның тәжірибесін алға тартты. Конференция қатысушылары дәстүрлі құндылықтарды сақтау, біртіндеп одан әрі даму үшін ұлтаралық келісім, этникааралық және конфессияаралық төзімділігінің рөлі мен мәнін нығайту бойынша ұсыныстарды жасақтау қажеттігі туралы қорытындыға келді.
-
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Мемлекеттік басқаруды дамытудың жаңа тұжырымдамасы: жаңа құндылықтар мен цифрлық сервис -
Өзгерген әлемдегі құндылықтар бәйгесі -
Білім және ғылым министрлігі: Мұғалім мәртебесі, жалақы, оқулықтар сапасы, ҰБТ, ЖОО лицензиялары -
Қазақстан мектептері аралас форматта оқуды бастады -
Елордада ЖОО-лардағы білім сапасын арттыру мәселесі талқыланды -
Сайлау-2021: Жас жұбайлардың, аттылардың сайлауға қатысуы желіде қызу талқыланды
-
Үкімет отырысында су ресурстарын тиімді пайдалану мен үнемдеу мәселесі талқыланды -
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды -
Коронавирустың екінші толқыны: Қазақстан мектептері неге дәстүрлі оқу форматына көшкен жоқ -
Сайлау: мемлекетті қалыптастырудың құралы ретінде -
Тәуелсіздік жылдарындағы мәслихат рөлі: Мәслихаттар саяси институт ретінде қалыптасты ма