Қазақстанда 43048 нысан жария етілді – Қаржы министрлігі

6 Қараша, 2015 11:39
Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 600,5млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 61 614 өтініш түсті, деп хабарлады Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.

Сомасы 448,8 млрд. теңгеге 51 366 тұрғын үй нысаны, сомасы 146,2 млрд. теңгеге 26 711 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 103,7 млрд.теңгеге 6 318 коммерциялық нысаны, сомасы 1,4 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 20 қатысу үлесі, сомасы 4,1 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 295,0 млрд. теңгеге 43 048 нысаны жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 956,3 млн тенге құрайтын 33 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш келіп түсті.

Сомасы 949,0 млн. тг құрайтын 28 тұрғын үй объекті, сомасы 3,7 млн. тг құрайтын 2 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 1,5 млн. тг құрайтын  коммерциялық обьекті.Сомасы  3,7 млн. тг құрайтын, 3 заңды тұлғалардың  қатысу үлесі, 670 тг сомасында бағалы қағаздар.

Сомасы 677,5 млн. теңгеге 27 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 03.11.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 80,7 млрд.теңге ақшаны жария етуге 176жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 3,0 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 30,0 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны  42,1 млрд. теңге.

2015 жылдың 4-ші қарашасына сәйкес,  жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,1 млрд.теңге түсті.

 

Барлық жаңалықтар